ШЫМКЕНТТЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫ ТҰРАҚТАЙДЫ

Өткен жылдың қазан айында «Химфарм» ЖШС («Polpharma Santo» сауда белгісі) басшылығымен кездесуде Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков дәрі-дәрмек бағасының өсуін тежеу және тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді медициналық препараттармен қамтамасыз ету шараларын талқылады. Тараптар кәсіпорынның өндірістік қуатын арттыру және заманауи техникалық шешімдерді енгізу жөнінде келісімге келген еді. Осы келісім аясында Шымкентте жаңа фармацевтикалық зауыт салу бойынша…

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ ЗИЯРАТ ЕТТІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Мемлекет басшысының өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.   Президент кесене аумағында жерленген ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен өзге де әйгілі тарихи тұлғалардың рухына тағзым етті.  

Толық оқу

ТАБИҒАТ ҚОРҒАУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Қазығұрт ауданында 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Орталық алаңда мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Жиынға аудан әкімі Азизхан Исмаилов қатысып, тұрғындарды айтулы күнмен құттықтады. Өз сөзінде аудан басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастырудағы маңызына тоқталды. Мерекелік шара барысында табиғатты қорғау ісіне…

Толық оқу

«AMANAT» ЖАҢА БАҒЫТ БАСТАДЫ: КӘСІПКЕРЛЕР ҚАНАТЫ ҚҰРЫЛДЫ

Еліміздегі мыңдаған кәсіпорын мен миллиондаған азаматты біріктіретін ірі бизнес қауымдастықтарының өкілдерімен бірлесіп, «AMANAT» партиясының Кәсіпкерлер қанатын құру туралы маңызды шешім қабылданды. Бұл бастама партия мен бизнес арасындағы өзара іс-қимылды жаңа деңгейге көтеріп, елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, кәсіпкерлікке қолайлы орта қалыптастыруға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Аталған мәселе Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысында…

Толық оқу

ҒЫЛЫМ — ӘЛЕМДІК НАРЫҚҚА ЖОЛ АШУЫ ТИІС

Үкіметте ғылымды дамыту жолдары талқыланды. Олжас Бектенов  ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру деңгейін арттыру, өндірістерді локализациялау бизнеске қолдау көрсету керектігін айтты. Президент тапсырмасына сәйкес Қазақстанда ашылып жатқан шетелдік университеттердің филиалдары ғылымды дамытып, еліміздің жаһандық академиялық қоғамдастықтағы рөлін арттыруға жұмыс істеуі тиіс. Ғылым және жоғары білім министрлігіне Қазақстанға шетелдік үздік жоғары оқу орындарын тарту жұмысын жандандыру тапсырылды. Олжас…

Толық оқу

СУ РЕСУРСТАРЫ ЦИФРЛАНДЫРУҒА КӨШЕДІ

Түркістан қаласында Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының (МСШҮК) 94-отырысы ұйымдастырылды. Жиынға Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Тәжікстан Республикасының Энергетика және су ресурстары министрі Далер Джума, Түрікменстанның Мемлекеттік су шаруашылығы комитетінің төрағасы Дурды Генджиев, Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров және Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі…

Толық оқу

МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК МАМАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Түркістан қаласында Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік басқосуда Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров денсаулық сақтау саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.   Нұралхан Көшеров:  – Сіздерді Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер күн сайын адам жанына қамқор болып, саулық сыйлап келесіздер. Сондықтан халық сіздерді «Ақ халатты абзал жандар» деп құрметтейді. Президентіміз Қасым-Жомарт…

Толық оқу

117 «ЫСТЫҚ НҮКТЕ» АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысының аумағында қоқыс жиі жиналатын 117 «ыстық нүкте» анықталды. Ол адам көп шоғарланатын орындар, жол бойындағы кәсіпкерлік нысандар, базарлар, мал базарлар, кеден бекеттері, тарихи және шомылатын орындар. Аталған нүктелердің арнайы картасы әзірленіп, бөлек жоспар бекітіліп, тұрақты мониторинг жүргізіліп жатыр. Енді бұл орындарға бейнебақылау камераларын орнату және Полиция департаментімен күнделікті рейд жүргізіледі.   Жалпы «Таза…

Толық оқу

719 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Өткен 8 айдың қорытындысына сәйкес Түркістан облысында 719 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өсім 107 %-ды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша өңір республика көлемінде 4-орында тұр. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында айтылды. Биыл республика бойынша 20,4 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Оның 1,25 млн шаршы…

Толық оқу