ТАҒЫ 30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Шымкентте мемлекеттік бағдарлама аясында Асар-2 және Тұран шағынаудандарындағы жаңа пәтерлер 30 отбасыға берілді. Қоныс иелеріне үйдің кілтін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков табыстады.   Тұрғын үй қоры қалалық коммуналдық резерв есебінен қалыптастырылған және әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды қолдауға бағытталған. Пәтер иелерінің тізімінде мүмкіндігі шектеулі жандар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, сондай-ақ, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған…

Толық оқу

ШІРКЕЙ ДӘРІЛЕНУДЕ

Жылда шіркейден зардап шегіп келе жатқан Отырар ауданында дезинсекциялау жұмыстары басталды. Көктемде көбейетін зиянкестермен күрес шаралары ғылыми сүйемелге негізінделген. Яғни биологиялық әдіспен залалсыздандырылады. Қазір Сырдария өзені бойы мен елді мекендер дезинсекцияланады. Биологиялық өңдеуден кейін химиялық залалсыздандыру жұмыстары да жүргізіледі.  Бұл іске 10 қайық, 18 арнайы техника және 41 маман жұмыс істеп жатыр.

Толық оқу

МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ ПАРИЖДЕ ЯДРОЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӨНІНДЕГІ БҮКІЛӘЛЕМДІК САММИТТЕ СӨЗ СӨЙЛЕДІ

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан делегациясы Париж қаласында өткен Ядролық энергетика жөніндегі екінші халықаралық саммитке қатысты. Ауқымды жиынға 50-ден астам елдің мемлекет және үкімет басшылары, мемлекеттік органдар жетекшілері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, қаржы институттары, өнеркәсіп және сарапшылар қауымдастығы қатысты. Саммит барысында азаматтық ядролық энергетиканың қазіргі энергетикалық және климаттық сын-қатерлер жағдайындағы рөлі талқыланды….

Толық оқу

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қалалық әкімдігінде аппарат отырысы өтті. Оған қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Күн тәртібінде тоғыз айда мемлекет кірісіне өндіру бағытында сот орындаушыларының атқарған жұмыстарының қорытындысы, қаладағы эпидемиологиялық ахуал және көгалдандыру ісінің барысы қаралды.   Қалалық әділет департаментінің басшысы Айнұр Исабекованың айтуынша, жыл басынан бері Шымкентте сот орындаушыларының өндірісінде мемлекет пайдасына өндіру туралы 187 мыңнан астам…

Толық оқу

Қасым-Жомарт Тоқаев: — Менің елімізді дамытуға қатысты талай жылға арналған ауқымды жоспарларым бар, оның бәрін жүзеге асыруға ниеттімін.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» атты «Ana tili» газетіне берген сұхбатының толық мәтіні Aqorda сайтынан алынды     – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, былтыр «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатыңызда жылды қорытындылап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстың басым бағыттарын белгілеп бердіңіз. Осындай сұхбаттар жақсы дәстүрге айналып келеді. Бұл елімізді дамытуға қатысты шаралардың мәнмаңызын азаматтарымыздың терең…

Толық оқу

ҚАРАТАУ» ҚОРЫҒЫНДА АРҚАР САНЫ 1964 БАСҚА ЖЕТТІ

Түркістан тауларында мекендейтін Қаратау арқарының саны көбейіп келеді. Оның санын сақтау және популяциясының өсімін бақылау мақсатында мамандар жыл сайын көктем және күз мезгілдерінде тау жоталарын аралап, санақ жүргізеді. Соңғы санақ нәтижесі бойынша, қорық аумағындағы арқар саны 1196тен асты. Қаратау арқарының саны өткен ғасырдан бері бірнеше рет күрт азайған. 1976 жылғы дерек бойынша, тауда шамамен 150…

Толық оқу

БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫН МАҚСАТТЫ ӘРІ УАҚЫТЫЛЫ ИГЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ

Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма төртінші сессиясы өтті. Жиынға облыс әкімі Нұралхан Көшеров, облыс әкімдігінің мүшелері, басқарма басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия отырысын облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов жүргізді. Күн тәртібіне бір мәселе енгізіліп, «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы №20/268-VIII шешіміне өзгерістер енгізу…

Толық оқу

МАҚТА МАЙЫН ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Мақтаарал ауданында «Хамро ата» ЖШС-нің «TABIGI MAY» мақта майын өндіретін зауытының ашылу салтанатына қатысып, өңір тұрғындарын Республика күнімен құттықтады. Аймақ басшысы отандық өндірісті өркендету мен ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеудің маңыздылығына ерекше тоқталды. Нұралхан Көшеров:  «Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осы мереке қарсаңында мақта майын өндіретін жаңа зауыттың ашылуына…

Толық оқу

ШЕКАРАЛАС ОБЛЫСТАРДАН ШЕГІРТКЕ ӨТПЕУ КЕРЕК

Түркістан облысында шегірткеге қарсы күрес бұрынғыдан ерте басталып, әлі күнге жалғасып жатыр. Өзге өңірлерде де зиянкестер жетілмей тұрып жойылса, экономика зардап шекпес еді. Себебі шегіртке көшіп жүретін жәндік. Сондықтан ел бойынша кешенді күрес дер кезінде басталып аяқталуы керек. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жұмыс жоспарына сәйкес, Келес ауданында кезекті штаб мәжілісін өткізді. Өңірде шегірткеге қарсы…

Толық оқу

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Күн тәртібінде азаматтарды амбулаториялық деңгейде тегін және жеңілдетілген дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, тұрғын үйлерді пайдалануға беру көрсеткіштері, 2026 жылға арналған жоспарлар және 2025 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы қаралды.   Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайрат Қалыбековтың айтуынша, қаладағы емханаларда 1,27 млн-нан астам тұрғын тіркелген. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек…

Толық оқу