Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Құрметті депутаттар!   Өткен аптада Парламенттің жаңа сессиясы ашылды.   Қызметтеріңізге табыс тілеймін! Алдыңғы сессия жемісті болды деп күмәнсіз айтуға болады. Елге қажетті көптеген заң қабылданды.   Халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер көтерілді, жан-жақты талқыланды. Депутаттар жазғы демалыс кезінде аймақтарға барып, азаматтармен кездесті. Енді жұртшылық айтқан мәселелерді саралап, Үкіметпен бірге пысықтап, осы сессия барысында ескеру…

Толық оқу

ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҚТЫ

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Гүлжан Құрманбек зейнетке шықты. Облыста, аймақта жауапты басшылық қызметтерді абыроймен атқарған білікті әріптестің еңбегін жоғары бағалаған облыс әкімі сый-құрмет көрсетіп, ризашылығын білдірді. Нұралхан Көшеров: – Гүлжан Мамытқызы мемлекеттік қызметтің сан саласында абыроймен еңбек етті. Түркістан облысын дамытуға да айрықша үлес қосты. Еңбегіңізді әріптестеріңіз жоғары бағалайды. Алдағы бастамаларыңыза сәттілік, зор денсаулық, отбасыңызға…

Толық оқу

ӨНІМДІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙТЫЛАДЫ

Түркістан облысы әкімінің аппараты өткізген апталық мәжілісте өңірдегі күзгі дала науқанының қазіргі ахуалы мен мал шаруашылығын қысқы кезеңге қажетті жем-шөп қорымен қамту мәселелері қаралды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқарма басшысына және аудан, қала әкімдеріне күзгі жиын-терім науқанын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу көлемін ұлғайту маңызды міндеттердің бірі…

Толық оқу

ТЕЖЕЛГЕН ТАПСЫРМАЛАР МЕЖЕГЕ ЖЕТКІЗБЕЙДІ

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков аудан-қала әкімдерінің орынбасарларымен мәжіліс өткізіп, тапсырмалардың орындалуын пысықтады. Күн тәртібінде ең алдымен Ұлттық ауылшаруашылық санағына дайындық мәселесі қаралды. Барлық аудан-қала әкімдіктеріне жұмысты дұрыстап ұйымдастыру міндеттелді.   Нұрбол Тұрашбеков: — Біткен істі баяндаудың қажеті жоқ. Орындалуы тежелген, мерзімі кешіккен тапсырмаларға тоқталыңыздар. Себебін жасырмай ортаға салыңыздар. Тапсырмалар ұмытылмайды, олар орындалмайынша әрқайсысына орала…

Толық оқу

АЙМАҚТАРДАҒЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАЯНДАЛДЫ

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді. Жиында Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Премьер-министрдің айтуынша, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарға ұқыпты қарау әрбір азаматтың негізгі міндеттерінің бірі ретінде бекітілген. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне…

Толық оқу

ҚЫТАЙМЕН ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫҢ БАҒЫТЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми және іскерлік делегация Түркістанмен бауырлас өңір саналатын Хубэй провинциясының орталығы – Ухань қаласында Қытайдың 50-ден астам жетекші компанияларының басшыларымен маңызды кездесулер өткізді. Өңір басшысы Хубэй халықаралық кәсіпорындар ынтымақтастығы қауымдастығының атқарушы төрағасы әрі бас хатшысы Хуан Лисямен жүздесіп, ірі инвесторлармен B2B және G2B…

Толық оқу

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА 4 МЫҢ АДАМ ҚАТЫСТЫ

Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «World Cleanup Day» – Дүниежүзілік тазалық күніне орай ауқымды экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Негізгі тазалық жұмыстары Қаратау жотасының етегінде орналасқан Ащысай елді мекенінде өткізілді. Оған 4 мыңнан астам адам қатысып, 70 арнайы техника жұмылдырылды. Сонымен қатар қоршаған ортаны абаттандыру және…

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ ЖАҢА ӘКІМДІ ҚАБЫЛДАДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдап, бірқатар міндеттер жүктеді. Алматы әкімі алдымен алда атқарылатын жұмыстардың басымдық берілген бағыттары, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық даму, қала экологиясын оңалту және тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту жоспары туралы баяндады.   Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполисті дамытудың негізгі міндеттерін айқындап берді. Атап айтқанда, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету,…

Толық оқу

СУ АРНАЛАРЫНА ҚОҚЫС ТАСТАУ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АПАТҚА ӘКЕЛЕДІ

Сарыағаш ауданында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында кең көлемді тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Аталған шара Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы шеңберінде табиғи ортаны қорғау, су ресурстарының тазалығын қамтамасыз ету және тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шараға Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев бастаған аудан әкімдігі өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер…

Толық оқу

АПТА САЙЫН СЕНБІЛІК ӨТУДЕ

Жетісай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде кең көлемді сенбілік өткізіліп, тазалық жұмыстарына 2 мыңға жуық адам атсалысты. Іс-шараға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, коммуналдық сала өкілдері, еріктілер, жастар және аудан тұрғындары белсенді қатысты. Сенбілік барысында аудан аумағындағы көшелер, саябақтар, скверлер, әлеуметтік нысандардың маңы мен қоғамдық кеңістіктер қоқыстан тазартылып, арық жүйелері мен жаяу жүргіншілер жолдары ретке…

Толық оқу