ОБЛЫСТА ЭКОНОМИКАНЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУ ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканы әртараптандыру, отандық өндірісті күшейту, импортты алмастыру және халықты тұрақты жұмыспен қамту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы мақсатта Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен Инвестициялық штабтың кезекті мәжілісі өтіп, өңірде жүзеге асырылатын жаңа өндірістік жобалар мен инвестиция тарту жұмыстары жан-жақты қаралды. Жиынға облыс әкімінің…
