ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША БІРҚАТАР МІНДЕТ ЖҮКТЕДІ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдап, ведомствоның 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарған жұмыстарының қорытындысы туралы есебін тыңдады. Бас аудитор есепті кезеңде жалпы сомасы 5,8 триллион теңгені құрайтын 13 ірі мемлекеттік аудит жүргізілгенін баяндады. Аудит жұмыстары өңірлердің жекелеген жергілікті атқарушы органдарын, «Проблемалық кредиттер қоры», «Аграрлық корпорация», «Қазпошта», «Ақтау теңіз порты» акционерлік қоғамдарын,…
