«ТАЗА СУ АЙДЫНДАРЫ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысының бірқатар ауданында «Таза су айдындары» экологиялық акциясы шеңберінде кең ауқымды тазалық жұмыстары өткізілді. Атап айтқанда, Шардара, Төлеби, Түлкібас, Сайрам, Бәйдібек, Арыс, Отырар және Сауран аудандарында ұйымдастырылған іс-шара барысында өзендер мен көлдердің жағалаулары тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, жиналған қоқыс арнайы белгіленген орындарға тасымалданды. Атап айтқанда, Сайрам ауданында Ақсу өзенінің 4,6 шақырым жағалауында тазалық жұмыстары жүргізіліп,…
