
88 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Қазақстанда 652 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр. Оның 256 мыңы әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаттағылар. Десе де бұл ресми тіркелгендері. Ал, үй кезегіне тұра алмай, пәтер жағалап жүргендерде есеп жоқ. Көптеген дамыған мемлекеттерде жекеменшік баспана алуды шарт санамайды. Тек жалға алу тәртібімен өмір сүріп жатқандар жетерлік. Сол сияқты ипотекалық жүйе жақсы жолға қойылған елдер…