МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ ПАРИЖДЕ ЯДРОЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӨНІНДЕГІ БҮКІЛӘЛЕМДІК САММИТТЕ СӨЗ СӨЙЛЕДІ

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан делегациясы Париж қаласында өткен Ядролық энергетика жөніндегі екінші халықаралық саммитке қатысты. Ауқымды жиынға 50-ден астам елдің мемлекет және үкімет басшылары, мемлекеттік органдар жетекшілері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, қаржы институттары, өнеркәсіп және сарапшылар қауымдастығы қатысты. Саммит барысында азаматтық ядролық энергетиканың қазіргі энергетикалық және климаттық сын-қатерлер жағдайындағы рөлі талқыланды….

Толық оқу

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

​Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады. Кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы жоспарлары талқыланды.   ​Инвестиция мен салық түсімдері ​Әкімнің айтуынша, облыс экономикасы тұрақты өсім көрсетіп отыр. Бүгінде өңірдің экономикалық өсімі 113,9 пайызды құрады. Мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдері 1 триллион теңгеге өскен.   ​Инвестиция тарту бойынша да ауқымды…

Толық оқу

БИЫЛ 1,2 млн м2 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

Астанада өткен Үкімет отырысында азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру жолдары қаралды. Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үй беру жоспарларын дұрыстап орындауды тапсырды. Олжас Бектенов:  — Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарларының орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл ретте қалаларда қолайлы, жайлы ортаны қалыптастыруға көңіл бөлу керек….

Толық оқу

КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысы жасыл желек санын көбейту және орман қорын байыту бағытында еліміз бойынша үздіктердің қатарында. Бүгінде облыста орман шаруашылығына қарасты 21 тұқымбақ жұмыс істейді. Олардың жалпы аумағы — 342 гектар.   ​Көшет саны: 35 миллионнан асты. ​Республика бойынша ағаш отырғызу көлемі мен көшетпен қамту деңгейі 300%-ға жетті. ​Суғару жүйелері тексеріліп, кемшіліктерді жою шаралары жүргізілуде. ​Облыс…

Толық оқу

ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ МҰРАНЫ САҚТАУ — КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚА АЙНАЛАДЫ

Жаңа Конституция жобасында мәдениет пен ұлттық құндылықтар мәселесі бұрынғыдан да тереңірек және стратегиялық деңгейде қамтылған. Басты жаңалық — мәдениеттің мемлекеттік саясаттың «екінші кезектегі» саласынан мемлекеттің негізгі құндылығына айналуы. ​Жаңа Конституцияның кіріспе бөлімінде алғаш рет «мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылықтарын бағдарға алу» туралы нақты норма жазылды. Енді тарихи және мәдени мұраны сақтау — мемлекеттік…

Толық оқу

ХАЛЫҚТЫҚ СИПАТҚА ИЕ КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАЙДЫ

Арыс қаласындағы «Торабтық аурухана» ұжымымен Конституциялық реформаларды түсіндіруге арналған кездесу өтті. Жиынға Түркістан облыстық мәслихатының және өңірлік Жалпыұлттық коалиция төрағасы Нұралы Әбішов бастаған бір коалиция мүшелері қатысты.   Нұралы Әбішов Жаңа Конституция азаматтық қоғамның дамуына, әлеуметтік саладағы әділдік пен теңдіктің нығаюына, білім, ғылым, спорт және мәдениет сияқты стратегиялық бағыттарды жүзеге асыруға арналғанын айтты.   Коалиция…

Толық оқу

2-3 ЖЫЛДА ЖОЙЫЛАДЫ

Түркістан облысында шегірткеге қарсы күрес биыл да ерте басталды. Бұрын соңды қазіргідей белсенді жұмыс жүргізілмегендіктен, зиянкес дендеп кеткен екен. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Сарыағаш және Келес аудандарындағы шегіртке зиянкесінің ошақтарына барды. Болжам орталығы мамандарымен күбіршелердің орналасу тығыздығын тексеріп көрді. Өңірде марокко шегірткесінің күбіршелерін анықтау үшін 52 900 га аумақта зерттеу жүргізіліп келеді. Бүгінге дейін Арыс…

Толық оқу

ӘДІЛЕТТІ КОНСТИТУЦИЯ – ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТ

Түркістанда «Әділетті Конституция – қуатты мемлекет» тақырыбымен өткен дөңгелек үстел басында конституциялық реформалардың маңыздылығы, қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру және әділетті қоғам құру талқыланды.   Облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы заң үстемдігін атап өтті.   Нұралхан Көшеров: – Өздеріңізге мәлім, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, 15 наурызда жаңа Конституцияға арналған…

Толық оқу

ПОЛИЦЕЙ ҚЫЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Түркістан қаласында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ерекше мерекелік іс-шара өтті. Қоғамлық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген полицей қыздарға құрмет көрсетілді. Салтанатты жиынға Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы қатысты. Нұралы Әбішов полиция аруларының қызметтегі жауапкершілігі мен табандылығын атап өтті. Оларға өз атынан және облыс әкімінің Алғыс хатын табыстады.   Нұралы Әбішов:  — Аяулы асыл жандар!…

Толық оқу

АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдегі көпбалалы аналармен және түрлі салада аянбай еңбек етіп жүрген жандармен арнайы кездесті. Мерекелік жүздесу барысында ананың қоғамдағы рөлі, отбасы құндылықтары мен ұрпақ тәрбиесі төңірегінде жылы дидарласу өтті. ​Берекесі мен бірлігі жарасқан облыс халқының жартысына жуығын әйелдер қауымы құрайды: ​Жалпы халық саны: 2 148,2 мың адам. ​Әйелдер үлесі:  1 055,6…

Толық оқу