ЖЕР ДАУЫН ЖЕТКІЗДІ
Түркістан облысында тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков «Ашық әкімдік» кеңсесінде азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Түркістан қаласының тұрғыны үйіргелік жерді заңдастыруға көмек сұраса, Қасымбек датқа және Сарыарық ауылдарының шаруалары өндірістік кооператив мүшелерінің жер үлесіне қатысты шағымданды. Ал, Сайрам ауданынан келген азаматтар мемлекеттік мұқтаждық үшін қайтарылған жерлерінің өтемақысы әлі төленбегенін…
