ШЕГІРТКЕГЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы алқаптарына қауіп төндіретін шегіртке зиянкестеріне қарсы іс-шаралар кешенді түрде ұйымдастырылып, жоғары қарқынмен жүргізіліп жатыр. Бұл мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен арнайы мәжілісте кеңінен қаралды. 2026 жылы өңірдегі фитосанитариялық тұрақтылықты сақтау мақсатында облыс әкімінің өкімімен арнайы жедел штаб құрылып, барлық жұмыстарды үйлестіру тетіктері күшейтілді. Сонымен қатар шегірткеге қарсы күрес жүргізудің…
