БАЛАЛАР БАСТЫ НАЗАРДА

Ақордада Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен оқу орындарында тәрбие бағдарламасын іске асыру, кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, жазғы демалыс кезеңіндегі балалардың қауіпсіздігі мен демалысын ұйымдастыру бойынша маңызды мәселелер қаралды. Жиынға Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Бала құқығы бойынша омбудсмен Динара Закиева, облыс әкімдерінің жауапты орынбасарлары қатысты. Ерлан Қарин оларға нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда,…

Толық оқу

АЛМАТЫДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛЫП КЕТТІ

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Оңтүстік-Шығыс аудандық қазандыққа барып, жұмыс барысымен танысты. Сапар барысында қаладағы алдағы жылыту маусымына тыңғылықты дайындық жүргізу және жылу нысандарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС-нің балансында бүгінде 89 қазандық бар. Қазіргі таңда аталған нысандардың бірқатарында алдын алу және жөндеу жұмыстары атқарылуда. Жоспарға сәйкес, профилактикалық жөндеу шараларын 1 қыркүйекке…

Толық оқу

ТӘРТІП БҰЗЫЛМАСА ТӘРБИЕ СӨЗ БОЛМАЙДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру және құқықбұзушылықтардың алдын алу жүйесін күшейту жөніндегі тапсырмалары аясында Түркістан қаласында маңызды көшпелі семинар ұйымдастырылды. Аталған іс-шара кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу, тәуекел факторларын дер кезінде анықтау және тиімді профилактикалық шараларды іске асыру мәселелеріне арналды. Семинар Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» өтіп,…

Толық оқу

ӘКІМ ИНКАЙДЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА БАРДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Созақ ауданына жұмыс сапары аясында уран өндіру саласындағы жетекші кәсіпорындардың бірі – «СП «Инкай» ЖШС-нің 30 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиынға қатысты. Аталған іс-шара өңірдің өндірістік әлеуетін арттырудағы және әлеуметтік жауапкершілікті нығайтудағы маңызды кезеңдердің бірі ретінде ұйымдастырылды. Іссапар барысында өңір басшысы кәсіпорынның өндірістік қызметімен ғана емес, қызметкерлерге арналған әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымымен…

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ САПАРЫ: ЦИФРЛАНДЫРУ, ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТАРИХИ МҰРА САБАҚТАСТЫҒЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев Бұхара қаласына жасаған бейресми сапары аясында бірқатар маңызды нысандарды аралап, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті бағыттарымен танысты. Мемлекеттер басшылары алдымен Бұхара облысының жаңа Ахуалдық орталығына барды. Орталық қызметі тәулік бойы өңірдегі ахуалды бақылауға бағытталған. Атап айтқанда, инфрақұрылымның жай-күйі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік жүйесі, қауіпсіздік қызметі және табиғи процестер тұрақты…

Толық оқу

КЕНТАУДАҒЫ КЕЗДЕСУ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесу өткізіп, тұрғындарды жеке мәселелерімен де қабылдады. Кентаудың мүмкіндігін толық пайдаланып, өндіріс пен кәсіпкерлік саласы дамыған қалаға айналдыру жолдары талқыланды. Президент экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды дамыту, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берген. Бұл бағытта Кентауда «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2024 жылы 3 елді мекенде…

Толық оқу

ЖҰМЫСШЫЛАРҒА ЖАҢА ТЕХНИКА БЕРІЛДІ

Түркістанда «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай және «Таза Қазақстан» бағдарламасын сапалы жүзеге асыру мақсатында шаһардағы коммуналдық сала өкілдеріне арнайы техникалар берілді. Жұмысшы мамандық иелері, еңбек адамдарын марапатталып, оларға құрмет көрсетілді. Нұралхан Көшеров: – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл бастама – еліміздің экономикалық дамуы мен әлеуметтік тұрақтылығын нығайтуға бағытталған…

Толық оқу

КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

Түркістан облысында өндірістік әлеуетті арттыру бағытында шағын өндірістік парктерді дамыту жұмыстары қарқын алуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, өңірдің барлық аудан, қалаларында жалпы аумағы 214 гектарды құрайтын 25 өндірістік алаң құрылып, оларды жаңа инвестициялық жобалармен толтыру қолға алынған. Аталған бастамалардың жүзеге асырылу барысы облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбектің төрағалығымен өткен жиында кеңінен талқыланды. Басқосуда…

Толық оқу

«ЭКО-ТРАК» ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖОБАСЫ

Түркістан қаласындағы №32 «Келешек» мектебінің аумағында оқушыларға арналған «Эко-Трак» экологиялық жобасының ресми таныстырылымы өтті. Бұл бастама елімізде кең көлемде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Аталған жоба «Катко» компаниясының қолдауымен Созақ ауданындағы бес мектепте «Жасыл мектеп» бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ. Жобаның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа қоршаған ортаны қорғаудың маңызын…

Толық оқу