ҚЫТАЙМЕН ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫҢ БАҒЫТЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми және іскерлік делегация Түркістанмен бауырлас өңір саналатын Хубэй провинциясының орталығы – Ухань қаласында Қытайдың 50-ден астам жетекші компанияларының басшыларымен маңызды кездесулер өткізді. Өңір басшысы Хубэй халықаралық кәсіпорындар ынтымақтастығы қауымдастығының атқарушы төрағасы әрі бас хатшысы Хуан Лисямен жүздесіп, ірі инвесторлармен B2B және G2B…

Толық оқу

ШЫМКЕНТТЕ АДВОКАТ 7 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты адвокаттар алқасының мүшесі А. Төрекұловаға қатысты қылмыстық істі қарап, үкім шығарды. Сот оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бірқатар баптары бойынша, атап айтқанда аса ірі мөлшерде алаяқтық жасауға оқталу, алаяқтық, сондай-ақ пара беруге азғыру әрекеттері үшін кінәлі деп таныды. Іс материалдарына сәйкес, айыпталушыға ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі – 190-бабы 4-бөлігі…

Толық оқу

ТЫҢ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және жоғары білім министрін қабылдады. Саясат Нұрбек министрлік қызметінің басым бағыттары мен ғылым және жоғары білім салаларындағы стратегиялық бастамаларды жүзеге асыру барысын баяндады. Сондай-ақ, жаңа Конституцияның білім және ғылым салаларындағы әлеуеті, адам капиталын дамытатын экожүйе құру шаралары мен таланттарды үздіксіз қолдау тетіктері, еңбек нарығын зерттеу нәтижелері мен 2030 жылға дейінгі мамандарға сұраныс…

Толық оқу

17 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕГЕН

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында ұйымдастырылған қол күресінен 47-ші әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен өңір спортшыларымен жүздесті. Салтанатты рәсім барысында әлемдік бәсекеде алтын медаль еншілеген спортшыларға облыс әкімінің Алғыс хаттары мен ақшалай сертификаттар табысталып, екі спортшыға пәтер кілттері берілді. Нұралхан Көшеров:  – Әлем чемпионатында үздік өнер көрсетіп, биік белестерді бағындырған баршаңызды…

Толық оқу

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА 2 МЫҢНАН АСТАМ ТАЛ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Түркістан қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті нығайтуға бағытталған кең көлемді іс-шара ұйымдастырылды. Аталған экологиялық акцияға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары мен қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, коммуналдық сала мамандары, қоғамдық ұйым өкілдері және қала тұрғындары белсене қатысты. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров шара барысында…

Толық оқу

ЖАСАНДЫ ЖАҢБЫР «ЖАУДЫРҒАН» МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасында жасанды жаңбыр жауғызу технологиясының пилоттық жобасын жүзеге асыру барысы сараланды. Басқосуда өңірдің су ресурстарын ұтымды пайдалану, егістік алқаптарын тұрақты сумен қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығына озық технологияларды енгізу мәселелері жан-жақты қаралды. Облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен аграрлық саланы дамытуға әрдайым ерекше…

Толық оқу

КАБЕЛЬ ӨНДІРІСІ МЕН МЕТАЛДАРДЫ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ КЕШЕНІ САЛЫНБАҚ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің Қытай Халық Республикасына жасаған жұмыс сапарының нәтижесінде өңірде жаңа ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар нақты кезеңге өтті. Осыған байланысты Түркістан қаласында Қытайдың жетекші өндірістік компанияларының бірі – «Henan Sulipu Cable Co., Ltd.» компаниясының өкілдерімен маңызды кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Түркістан облысында кабель өнімдерін шығару және түсті металдарды терең…

Толық оқу

АУЫР ЖҮК ТАСЫМАЛЫНА ЖАҢА ЕРЕЖЕ

Қазақстанда автомобиль көлігімен қауіпті, ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау қағидаларына маңызды өзгерістер енгізілді. Тиісті бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі қабылдады. Аталған құжат техникалық сипатқа ие және ұлттық заңнаманы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) талаптарына сәйкестендіруге бағытталған. Өзгерістер көлік құралдарының рұқсат етілген жалпы салмағы, осьтік жүктемелері, габариттік өлшемдері сияқты негізгі параметрлерді нақтылауды қамтиды. Сонымен қатар,…

Толық оқу

АППАРАТ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Президент Әкімшілігінің келісіміне сәйкес және Түркістан облысы әкімінің өкімімен Файзулла Байдуллаев Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Жаңа аппарат басшысын таныстырған облыс әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты алдағы жоспарлар мен басым міндеттерге тоқталып, жауапты қызметке кіріскен азаматқа нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ жаңа қызметіне табыс тілеп, өңірдің дамуына бағытталған жұмыстарды сапалы атқаруға сенім…

Толық оқу

ТҮРКІСТАНДА АЛЫП ЖЫЛЫЖАЙ АШЫЛАДЫ

Түркістан облысы агроөнеркәсіптік кешенді қарқынды дамыту бағытында елімізге үлгі боларлық ірі бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Соның айқын дәлелі – Келес ауданында қолға алынған «Ecoculture-Eurasia» халықаралық жобасы. Бұл жоба тек өңірдің ғана емес, бүкіл Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын индустрияландыруға, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған ауқымды стратегиялық қадам ретінде бағаланады. Аталған жоба…

Толық оқу