БІЛІМНІҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ БЕЛГІЛЕНДІ
Түркістан облысында «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында облыстық тамыз конференциясы өтті. Дәстүрлі жиын аясында білім беру саласындағы инновациялық жобалардың көрмесі ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылды. Жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, білім беру саласының мамандары, педагогтер, мектеп директорлары, білім беру ұйымдарының басшылары және ата-аналар қауымдастығының…
