КОЛЛЕДЖДЕРГЕ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛУДЕ
Түркістан облысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім сапасын арттыру, материалдық-техникалық базасын жаңғырту және түлектерді мамандықтарына сәйкес жұмыспен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Саладағы өзекті мәселелер облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде кеңінен қаралды. Қазіргі таңда өңірде 50 колледж тұрақты жұмыс істейді. Оның ішінде 28-і мемлекеттік, 22-сі жекеменшік білім беру ұйымдары….
