ПРЕЗИДЕНТ САПАРЫ: ЦИФРЛАНДЫРУ, ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТАРИХИ МҰРА САБАҚТАСТЫҒЫ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев Бұхара қаласына жасаған бейресми сапары аясында бірқатар маңызды нысандарды аралап, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті бағыттарымен танысты. Мемлекеттер басшылары алдымен Бұхара облысының жаңа Ахуалдық орталығына барды. Орталық қызметі тәулік бойы өңірдегі ахуалды бақылауға бағытталған. Атап айтқанда, инфрақұрылымның жай-күйі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік жүйесі, қауіпсіздік қызметі және табиғи процестер тұрақты…
