ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫ САЛТАНАТТЫ ӨТТІ
Түркістан қаласындағы «Жеңіс» саябағында орналасқан «Даңқ» мемориалдық кешенінде Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Тағылымы терең, тарихи маңызы зор мерекелік жиынға Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, зиялы қауым өкілдері, әскери қызметшілер, жастар ұйымдарының мүшелері, қоғамдық бірлестіктер және қала тұрғындары қатысты. Салтанатты рәсім барысында Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында ерлікпен қаза…
