КӨМІРДЕН ГАЗҒА КӨШУ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысында жылыжай шаруашылығының қарқынды дамуына байланысты экологиялық талаптарды сақтау мәселесі өзекті бағыттардың біріне айналды. Әсіресе қыс мезгілінде жылыжайларды көмірмен жылыту тәжірибесі ауа сапасына кері әсерін тигізіп, зиянды шығарындылардың артуына себеп болуда. Осыған байланысты өңірде жылыжайларды экологиялық тұрғыдан тиімді отын түрлеріне көшіру жұмыстары кезең-кезеңімен қолға алынуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданында жылыжай иелерімен өткен…
