ОТЫРАРДЫҢ БАНАНЫ

Отырардың «тропикалық» бетбұрысы — Шәмші ауылында банан өсіріле бастады. Бұл өңірдің ауыл шаруашылығы саласында нағыз сенсация.  Шәмші ауылында «Otyrar GeoBanana» жобасы аясында экзотикалық жеміс өседі. Банан 0,03 гектар аумақты қамтитын заманауи жылыжай кешенінде егілген.  Бұл тек тәжірибе ғана емес, нақты нәтижеге бағытталған экономикалық жоба. Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы «Otyrar GeoBanana» ЖШС-нің тыныс-тіршілігімен танысты. ​Аудан…

Толық оқу

СУ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Облыс әкімі өңірдегі Арыс, Келес, Қазығұрт, Отырар және Шардара ауданындағы каналдар мен су нысандарын әуеден бақылады. Шардара ауданындағы «Шардара» су электр станциясының жай-күйімен танысты. Сондай-ақ, Шардара ауданы мен қаласын ауыз сумен қамту мәселелері бойынша мамандармен кеңесті. Шардара қаласының бас су торабындағы жұмыстарды өз көзімен көріп, аудан әкімі мен басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді. Нұралхан Көшеров …

Толық оқу

ТҮРКІСТАНДА ЭКОПАРК АШЫЛДЫ

Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Қарашық өзенінің жағалауынан аумағы 50 гектарды құрайтын «Түркістан» экобағы ел игілігіне берілді. Жаңа қоғамдық кеңістіктің ашылуы Жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды акциямен қатар өтті. Іс-шара Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен және Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен «Жаңа Конституция – жастардың…

Толық оқу

АҚЖАЙЫҚТАҒЫ ҮЙЛЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Шымкент қаласында тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы мемлекеттік саясат жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Соның айқын дәлелі ретінде Ақжайық шағынауданында 50 отбасыға жаңа пәтердің кілті табысталды. Бұл – ел азаматтарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қадамдардың бірі. Салтанатты рәсімге Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, қоныс иелерін қуанышты сәтпен құттықтады.   Қала басшысы…

Толық оқу

Жамбылда білім бөлімінің басшылары 12 жасар қызға түсік жасатқан

Жамбыл облысында білім бөлімінің басшылары 12 жастағы оқушының жүктілігін бір жыл бойы жасырып келген. Жүкті болып қалған қыздың анасы мектеп әкімшілігі Жаңатас қаласындағы жаға ұстатар жағдайды жылы жабу үшін ескертусіз қызына түсік жасатқанын айтты, lдеп хабарлайды Ayt.kz  агенттігі Информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме беріп. Қазір жетінші сыныптағы жеткіншекке азғындық жасады деген күдікпен аудандық мәслихат депутатының күйеуі қамауға алынды. Сондай-ақ,…

Толық оқу

ЕТ КОМБИНАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Биыл елімізде ет бағасы сыртқы нарықта сұраныс артып кеткендіктен қымбаттады. Президент ішкі мұқтаждықты қамтамасыз ету үшін азық-түлік өндірісін күшейтуді тапсырған. Сайрам ауданында мал сату және бордақылаумен айналысатындар баршылық. Ақсукент ауылында «KAZ ECO MEAT» ЖШС ет комбинатын іске қосты. Жаңа кәсіпорынның ашылуына облысы әкімі арнайы қатысты. Жоба құны 8 500 млн. теңге. Жылына 5000 бас ірі…

Толық оқу

БРИКС плюс: ҚАЗАҚСТАН ҮШІН БАСТАМАДАН НАҚТЫ НӘТИЖЕГЕ ДЕЙІН

Нью-Делиде өткен «БРИКС плюс» саммитінің Қазақстан үшін негізгі маңызы – елдің халықаралық күн тәртібіндегі ұстанымын білдірумен ғана шектелмейді. Саммит Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын нақты экономикалық және институционалдық міндеттермен байланыстыруға мүмкіндік берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген бастамалардың басым бөлігі сауда, инвестиция, көлік, технология, су ресурстары және халықаралық қауіпсіздік салаларындағы нақты нәтижелерге бағытталған. БРИКС-тің Қазақстан үшін…

Толық оқу

САЯЛЫ ТАЛ ҚАЛДЫРАДЫ

Жетісай ауданы аумағында қоршаған ортаны қорғау мен санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытында кең көлемді экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Аталған бастама мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде жалпыхалықтық сипат алған Taza Qazaqstan акциясы аясында «Жасыл болашақ» атауымен өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – елді мекендердің экологиялық ахуалын жақсарту, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру. Жаппай…

Толық оқу

ҚАРНАҚТА 300 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА «ДОСТЫҚ ҮЙІ» ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында заманауи талаптарға сай салынған жаңа «Достық үйі» халық игілігіне пайдалануға тапсырылды. Салтанатты рәсімге Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын маңызды оқиғамен құттықтады. Өңір басшысы жаңа нысанды толық аралап шығып, оның қызметіне сәттілік тіледі.   Нұралхан Көшеров:  — Құрметті қарнақтықтар! Баршаңызды тарихи Қарнақ ауылындағы жаңа 300 орындық «Достық»…

Толық оқу

ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЖЕТІЛДІРІЛУДЕ

Түркістан облысының аумағында қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бағытында 20 кәсіпкер қызмет атқарады. Өңірдегі тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару, полигондарды ретке келтіру және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту мәселелері тұрақты бақылауда. Қазіргі таңда Түркістан облысында жалпы саны 151 полигон орны белгіленген. Оның 28-і аудандық, 37-сі ауылдық округтерге тиесілі болса, 40 полигон сенімгерлік басқаруға берілген. Жүргізілген талдау қорытындысы…

Толық оқу