САРЫАҒАШ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Түркістан облысының Сарыағаш қаласында жаңғырту жұмыстарынан өткен теміржол вокзалы тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді. Нысанның ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Елжас Отыншиев, облыстық мәслихат төрағасы Нұрлан Әбішов, теміржол саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты. Салтанатты жиында облыс әкімі «Сарыағаш» теміржол вокзалының өңір үшін маңыздылығына ерекше тоқталды. – Баршаңызды…

Толық оқу

АПТА САЙЫН ЖАҢАША ЖОСПАР

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өзі жетекшілік ететін сала басшыларына жұмыс аптасының міндеттерін белгілеп берді. Ауыл шаруашылық басқармасына аудан-қала әкімдіктерімен бірлесе отырып, субсидия бағыттарындағы өзгерістер, жаңа технология енгізудегі артықшылықтар бойынша шаруалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.   Өткен жылдың қорытындысымен облыста 62 кооператив құрылған. Оның 37-і қаржыландырылып, нәтижесінде 23 кооператив қызмет көрсету үшін техникалар…

Толық оқу

САПАЛЫ БІЛІМ — САНАЛЫ ҰРПАҚ

Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеров төрағалық еткен мәжілісте білім саласындағы өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Жиынға салалық басқарма басшылары, жауапты департамент өкілдері, сондай-ақ аудан, қала әкімдері селекторлық режимде қатысты. Өңір басшысы жауаптылардың есептерін тыңдап, нақты тапсырмалар жүктеді.   Нұралхан Көшеров: – Барлық нәрсе іргетастың беріктігіне байланысты. Бірінші кезекте педагогтар даярлайтын оқу орындарына мониторинг жасалуға тиіс. Қай…

Толық оқу

ШЫМКЕНТТЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫ ТҰРАҚТАЙДЫ

Өткен жылдың қазан айында «Химфарм» ЖШС («Polpharma Santo» сауда белгісі) басшылығымен кездесуде Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков дәрі-дәрмек бағасының өсуін тежеу және тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді медициналық препараттармен қамтамасыз ету шараларын талқылады. Тараптар кәсіпорынның өндірістік қуатын арттыру және заманауи техникалық шешімдерді енгізу жөнінде келісімге келген еді. Осы келісім аясында Шымкентте жаңа фармацевтикалық зауыт салу бойынша…

Толық оқу

АССАМБЛЕЯҒА 30 ЖЫЛ

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған XXXIV сессиясы өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталмыш ұйымның құрылуы қоғамды ортақ мақсатқа жұмылдыру мен ұлттық бірегейлікті бекіту ісінде баламасы жоқ басты платформаға айналғанын айтты.  Ұлттық мүддені қорғап, егемендігімізді нығайтудың қастерлі парыз екенін Ассамблея мүшелері терең сезінеді деген сенім білдірді. Президент Ассамблеяның отандастарды ортақ құндылықтар мен мақсаттарға жұмылдыратын жалпыхалықтық…

Толық оқу

ТҰРҒЫНДАРҒА ТҰРҒЫН ҮЙ АЛУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Арыс қаласында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тұрғындармен жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың бірқатар мәселелерін тыңдады. Кездесу барысында тұрғындар баспанамен қамту, тұрғын үй кезегіне тіркелу және жалдамалы пәтер алу мәселелерін көтерді. Облыс әкімі азаматтарға тұрғын үй мәселесін шешудің қолданыстағы тәртібін түсіндірді. 25 мамырдан бастап тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу, кезек қалыптастыру және баспананы бөлу жөніндегі…

Толық оқу

МАҚТА МАЙЫН ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Мақтаарал ауданында «Хамро ата» ЖШС-нің «TABIGI MAY» мақта майын өндіретін зауытының ашылу салтанатына қатысып, өңір тұрғындарын Республика күнімен құттықтады. Аймақ басшысы отандық өндірісті өркендету мен ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеудің маңыздылығына ерекше тоқталды. Нұралхан Көшеров:  «Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осы мереке қарсаңында мақта майын өндіретін жаңа зауыттың ашылуына…

Толық оқу

50 МЫҢ ІРІ ҚАРА БОРДАҚЫЛАЙДЫ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған ауқымды инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылдық округінде 50 мың басқа арналған заманауи бордақылау кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Turkestan Agro.kz жауапкершілігі шектеулі серіктестігі негізінде қолға алынған бұл бастама толық қуатына шыққанда өңірдегі ең ірі өндірістік нысандардың біріне айналуы күтілуде. Қазіргі таңда кешенде…

Толық оқу

ЖАҢА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ҚҰРУ ҚАРАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік құрылыс компаниясының директоры Сюй Миньмен кездесті. Кездесу барысында тараптар өңірде жаңа индустриалды аймақ құру, заманауи қойма кешендерін тұрғызу және құрылыс жұмыстарын жеделдету бағытындағы бірлескен жобаларды талқылады. Кездесу кезінде компания өкілдері индустриялық аймақ, бондтық қоймалар, өндірістік корпустар, жеке өндірістік нысандар, әкімшілік-тұрмыстық және сервистік орталықтар, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылым салу жөніндегі ұсыныстарын…

Толық оқу

ОТЫРАРДЫҢ БАНАНЫ

Отырардың «тропикалық» бетбұрысы — Шәмші ауылында банан өсіріле бастады. Бұл өңірдің ауыл шаруашылығы саласында нағыз сенсация.  Шәмші ауылында «Otyrar GeoBanana» жобасы аясында экзотикалық жеміс өседі. Банан 0,03 гектар аумақты қамтитын заманауи жылыжай кешенінде егілген.  Бұл тек тәжірибе ғана емес, нақты нәтижеге бағытталған экономикалық жоба. Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы «Otyrar GeoBanana» ЖШС-нің тыныс-тіршілігімен танысты. ​Аудан…

Толық оқу