ПРЕЗИДЕНТ ТҮРКІСТАНДА

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда Түрікменстан халк маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхаметовпен бейресми кездесу өткізді. Мемлекет басшысы мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, еліміздің рухани астанасы, түркі халықтарына ортақ мекенге келгені үшін ризашылығын білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев:  – Мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқаны қуантады. Газ саласында, сондай-ақ көлік-логистика бағытында стратегиялық маңызды жобалар бар. Біз бұл жұмыстарды бақылауда ұстаймыз. Өйткені…

Толық оқу

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА ЖОЛ БЕРМЕУ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өңірлік жедел штабтың мәжілісі өтті. Басқосуда кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сараланды. Жиын барысында құқық қорғау органдары мен жауапты мекемелердің баяндамалары тыңдалып, құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру, білім беру ұйымдары, ата-аналар және тиісті қызметтердің өзара үйлесімді…

Толық оқу

ЖАҢА БАСПАНАҒА ҚОНЫС АУДАРДЫ

Шымкентте Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасы іске асырылуда. Мақсаты қалалық ортаны жақсарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, тозығы жеткен үйлердің тұрғындарын реновация бағдарламасы бойынша жаңа, жайлы үйлерге көшіру.   Бағдарлама басталғалы 102 отбасы Шымкент сити және Тұран  шағын ауданында салынған жаңа үйлерге көшірілді. Барлық пәтер толық әрленген, бұрынғы үйлеріндегі бөлме санына толық сәйкес келеді және…

Толық оқу

АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІ ТҮРКІСТАННЫҢ МӘДЕНИ ОРЫНДАРЫН АРАЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің аға буын өкілдерімен бірге Түркістан қаласындағы бірқатар мәдени нысанды аралады. Облыс басшысы мен ардагерлер «Қолөнершілер» орталығына барып, жергілікті шеберлер әзірлеген ұлттық нақыштағы бұйымдар ұсынылған жәрмеңкені тамашалады. Мұнда дәстүрлі қолөнерді өркендету, ұлттық өнерді насихаттау және оны кейінгі ұрпаққа аманат ету бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Кездесу барысында аға буын өкілдері…

Толық оқу

АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Бахрейннің Манама қаласында өткен үшінші жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында түркістандық жас балуандар мен боксшылар оң нәтижеге қол жеткізді.   Еркін күрестен Қазақстан құрамасы сапында 71 келі салмақта Нұртай Наров пен 45 келі салмақ дәрежесінде Ағабек Бақдаулет қола жүлде жеңіп алды. Ал, 60 келі салмақта Бегасыл Асанбек алтыннан алқа тақты.   Бокс бойынша 50 келі салмақта…

Толық оқу

2-3 ЖЫЛДА ЖОЙЫЛАДЫ

Түркістан облысында шегірткеге қарсы күрес биыл да ерте басталды. Бұрын соңды қазіргідей белсенді жұмыс жүргізілмегендіктен, зиянкес дендеп кеткен екен. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Сарыағаш және Келес аудандарындағы шегіртке зиянкесінің ошақтарына барды. Болжам орталығы мамандарымен күбіршелердің орналасу тығыздығын тексеріп көрді. Өңірде марокко шегірткесінің күбіршелерін анықтау үшін 52 900 га аумақта зерттеу жүргізіліп келеді. Бүгінге дейін Арыс…

Толық оқу

200 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСТАМ ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР ОРТАҚ ПАЙДАЛАНЫМҒА БЕРІЛДІ

Түркістан облысының жалпы жер қоры 11 млн 610,3 мың гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 4 млн 527,3 мың гектар, елді мекендер жері – 807,8 мың гектар, өнеркәсіп жерлері – 140,4 мың гектар, ерекше қорғалатын аумақтар – 431,4 мың гектар, орман қоры – 3 млн 29,87 мың гектар, су қоры – 134,6…

Толық оқу

ІРІ ЗАУЫТТАР АШУ ЖАЛҒАСАДЫ

Президент тапсырмасына сәйкес Түркістан облысында инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген индустриалдық және арнайы экономикалық аймақтар ашылған. Дайын өндірістік алаңдардағы өндіріс орындары инвесторларға ұсынылады. Биыл «Turan» арнайы экономикалық аймағында 315 млрд теңгеге 26 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде 6,5 мың  адам жұмыспен қамтылады. Күні бүгінге 5 жоба іске асты. «Turan» арнайы экономикалық аймағы үшін Сауран…

Толық оқу

ТӨРТ СУ ҚОЙМАСЫ САЛЫНАДЫ

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ордабасы ауданында жергілікті жұртшылықпен жүздесті. Кездесу барысында вегетациялық кезеңнен кедергісіз өту жолдары талқыланды. ​2028 жылға дейін бекітілген саланы дамытудың стратегиялық жоспарына сәйкес, өңірде төрт су қоймасын тұрғызу көзделген: ​Құрылысы аяқталуға жақын нысандар: «Бәйдібек ата» және «Қарақуыс». ​Жобалау сатысындағылар: «Иқан-су» мен «Боралдай». ​Сонымен қатар, министрлік 3 су қоймасын заманауи…

Толық оқу