ЖАСЫРУ — ЖАСАНДЫЛЫҚ

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков берілген тапсырмалардың орындалуын саралау барысында құр есепке емес, нақты проблемаларға назар аудару қажеттігін атап өтті. – Тапсырмаларды орындау – баршамызға ортақ міндет. Бір саланың жұмысы ақсаса, бұл – барлығымызға сын. Осыны ұмытпайық, – деді ол. Сонымен қатар мерзімі жақындаған тапсырмаларға жеке тоқталып, нақты талдау жүргізді. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла…

Толық оқу

КӘСІПКЕРГЕ 1 МЛН ТЕҢГЕДЕЙ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек ауылындағы «ТП-32» ұңғымасына байланысты туындаған жағдай бүгінде тиісті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында. Аталған су нысаны ұзақ уақыт бойы «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің теңгерімінде болып, жеке кәсіпкер тарапынан 27 жыл көлемінде пайдаланылған. Алайда жалға беру мерзімінің ағымдағы жылдың 25 сәуірінде аяқталуына және санитариялық талаптардың сақталмауына байланысты су ресурсын пайдалану құқығын ұзарту мәселесі…

Толық оқу

АТШАБАР АШЫЛДЫ

Түркістанда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі сән-салтанатымен өтіп жатыр. Жаңадан салынған заманауи атшабар ресми түрде ашылды. Наурызнама онкүндігі аясында әлемдік деңгейде ұлттық спорттың бірнеше түрінен жарыстар ұйымдастырылып, ат тұяғы тиіп те үлгерді. Наурыз мейрамы да атшабарда өтті. Мыңдаған көрерменмен бірге думанды кешті  Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров те тамашалап, тұрғындарды әз-Наурызбен құттықтады. Нұралхан Көшеров:…

Толық оқу

«ДАРБАЗА – МАҚТААРАЛ» ТЕМІРЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БИЫЛ БІТЕДІ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2026 жылғы қаңтар–маусым айларындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің орындалу барысы қаралды. Жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бейнебайланыс арқылы қатысты. Отырыста Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері мен өңір әкімдері…

Толық оқу

90 ОТБАСЫ ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ

Шымкентте 90 отбасыға жаңа жалдамалы баспана берілді. Олардың бәрі көптен бері кезегін күткендер. Мегаполис басшысы Ғабит Сыздықбеков пәтер иелерін құттықтап, кілттерін табыстады. Жаңа үйлер Асар-2 шағынауданында орналасқан және барлық инженерлік коммуникациямен қамтамасыз етілген. Үйлерді тапсыру нысандардың дайын болуына және құжаттардың рәсімделуіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.   Жалдамалы пәтерлер мүгедектігі бар азаматтарға, толық емес отбасыларға, ерекше…

Толық оқу

САРЫАҒАШТА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

Түркістан облысында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес өңірде мәдениет саласын қолдау, ауылдық елді мекендердің әлеуетін арттыру бағытында жаңа нысандар бой көтеріп, тұрғындар игілігіне пайдалануға берілуде. Осы ретте Сарыағаш ауданының Тегісшіл ауылдық округіне қарасты Мәдениет ауылында кітапханасы бар 75 орындық жаңа мәдениет үйі ашылды. Салтанатты іс-шараға Түркістан…

Толық оқу

КЕЗЕКТЕН ТЫС ШЕШІМІН ТАПТЫ

Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он алтыншы сессиясында бюджетке қатысты бірқатар мәселелер шешімін тапты, деп хабарлайды, мәслихаттың баспасөз қызметі. Сессия жұмысының алдында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбековтың баяндамасы тыңдалды. Бұған дейін облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбіштің өкімімен уақытша депутаттық комиссия құрылып, уран өндіретін мекемелердің жұмысымен танысқан. Сонымен қатар, 2023 жылы сессия…

Толық оқу

ТМҰ ОРТАЛЫҚ БАНКТЕРІНІҢ БІРІНШІ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Орталық (ұлттық) банктері кеңесінің бірінші отырысы өтті. Кеңесті ашқан Президент жуырда Мажарстанда өткен бейресми саммитте Ұйымға мүше мемлекеттер басшылары ынтымақтастықты тереңдетудің маңызын растағанын атап өтті. Тариф саясатының өзгеруінен туындаған жаһандық экономиканың трансформациясы жағдайында мұның мәні арта түсті. Президенттің айтуынша, қазіргі кездегі күрделі өзгерістер қиындықтармен қатар жаңа…

Толық оқу

СУ ТАПШЫЛЫҒЫН БОЛДЫРМАУҒА АРНАЛҒАН ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Дүниежүзілік метеорология ұйымы президенті, сондай-ақ БАӘ Ұлттық метеорология орталығы бас директоры Абдулла Әл-Мандусты қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Дүниежүзілік метеорология ұйымының климаттың өзгеруі, ауа райын болжау, су ресурстарын тиімді басқару және табиғи апаттардың қаупін азайту бағытындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Президент қазіргі кезеңде климаттық өзгерістердің салдары…

Толық оқу

КАБЕЛЬ ӨНДІРІСІ МЕН МЕТАЛДАРДЫ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ КЕШЕНІ САЛЫНБАҚ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің Қытай Халық Республикасына жасаған жұмыс сапарының нәтижесінде өңірде жаңа ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар нақты кезеңге өтті. Осыған байланысты Түркістан қаласында Қытайдың жетекші өндірістік компанияларының бірі – «Henan Sulipu Cable Co., Ltd.» компаниясының өкілдерімен маңызды кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Түркістан облысында кабель өнімдерін шығару және түсті металдарды терең…

Толық оқу