ПРЕЗИДЕНТ ЕРМЕК САҒЫМБАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Ұлттық қауіпсіздік комитеті сын-қатерлерді ескере отырып ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ұлттық қауіпсіздік органдарын перспективті дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралар, жедел қызметтік іс-қимылды ұйымдастыру және оның құрылымын жетілдірумен айналысып жатыр. Сол сияқты арнайы қызметті кадрлық және техникалық тұрғыдан нығайту, нормативтік-құқықтық базаны жаңғырту, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі үдерістерді оңтайландыру мен цифрландыру жұмыстары жүргізуде. Сондай-ақ, халықаралық терроризмге және…

Толық оқу

КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ

Түркістан облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының кезекті отырысы өтті. Оған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық терроризмге қарсы комиссияның мүшелері мен құзырлы органдардың басшылары, тиісті департаменттердің басшылары және аудан, қала әкімдері қатысты.   Күн тәртібінде «Оңалту жұмыстарының барысы», «Қылмыстық атқару жүйесі мекемелеріндегі терроризм және діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарының нәтижесі», «Келес ауданы, Біртілек ауылдық округінің…

Толық оқу

3 МЫҢ АДАМ ТҮНГІ МАРАФОНҒА ҚАТЫСТЫ

Түркістан қаласында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Turkestan Night Run – 2026» атты алғаш рет ұйымдастырылған түнгі марафон жоғары деңгейде өтті. Аталған іс-шара бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және қаланың туристік әлеуетін арттыру мақсатында өткізілді. «Turkestan Night Run – 2026» тек спорттық жарыс ретінде ғана емес, тарихи-мәдени мазмұнға ие…

Толық оқу

КӘСІПТІК АУРУҒА НЕ СЕБЕП?

Созылмалы аурулар медицина тұрғысынан кәсіптік ауру санатына айналады. Кәсіптік аурулар — адамның еңбек қызметі барысында белгілі бір зиянды факторлардың (химиялық, физикалық, биологиялық және психоэмоционалдық) ұзақ немесе жоғары деңгейде әсер етуінен туындайтын аурулар.   Кәсіптік ауруларға себеп болатын негізгі факторлар: • Шу мен діріл • Улы химиялық заттар • Ауыр дене еңбегі • Компьютермен ұзақ жұмыс…

Толық оқу

АРНАЙЫ КИІМДЕР НАРЫҚҚА ШЫҒЫП ЖАТЫР

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Созақ ауданына жұмыс сапары барысында Шолаққорған ауылындағы «Sozaq Group» ЖШС-нің өндірістік цехына барып, кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен және өндірістік мүмкіндіктерімен танысты. Мұнда арнайы киімдер, тұрмыстық қолғаптар, шұлық, жұмысқа арналған аяқ киімдер және арнайы жамылғылар шығарылады. Өндіріс орны 2026 жылы құрылып, жобаға 250 млн теңге инвестиция тартылған. Сонымен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында…

Толық оқу

САРЫАҒАШ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Түркістан облысының Сарыағаш қаласында жаңғырту жұмыстарынан өткен теміржол вокзалы тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді. Нысанның ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Елжас Отыншиев, облыстық мәслихат төрағасы Нұрлан Әбішов, теміржол саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты. Салтанатты жиында облыс әкімі «Сарыағаш» теміржол вокзалының өңір үшін маңыздылығына ерекше тоқталды. – Баршаңызды…

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАНДА ТАҒЫ БІР АУЫЛҒА ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕТКІЗІЛДІ

Мемлекет басшысының елді мекендерді табиғи газбен қамтуды жеделдету жөніндегі нақты тапсырмасын іске асыру аясында Түркістан облысында жүйелі жұмыстар жалғасып келеді. Соның айқын нәтижесінің бірі – Сарыағаш ауданындағы Көктерек ауылдық округіне қарасты Көктерек кентінің жаңа тұрғын үй аумағының табиғи газға қосылуы. Аталған жобаның аясында Жасқанат, Қонаев, Бірлік, Тұран, Самал, Көктерек, Түркістан, Ұлытау, Жібек жолы, Береке, Отырар,…

Толық оқу

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кәсіпкерлікті, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғат пайдалану мәселелері тұрақты комиссия отырысында талқыланды. Оған облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішовтің өзі қатысты. Күн тәртібінде: 1. «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №14/180-VІII шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 2. Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен…

Толық оқу

ӘЛЕМГЕ ТАНЫМАЛ СПОРТТЫҚ КИІМДЕР ТҮРКІСТАНДА ШЫҒАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров әлемге танымал спорттық киімдер өндіруші шетелдік инвестормен кездесті. Басқосуда өңірде осындай фабрика ашу жоспарлары талқыланды.   Инвестор өңірдің өндірістік әлеуетіне қызығушылық танытып, мақта кластерінің дамығанынан хабардар екенін жасырмады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Түркістан қаласында спорттық киім тігетін кәсіпорын ашуға ықыласын жеткізді.   Қонақтарға Түркістан облысының индустриалды мүмкіндіктері таныстырылды. Атап айтқанда, индустриалды…

Толық оқу

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫ ЕСЕБІНЕН АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бейнебайланыс режимінде «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің отырысына қатысты. Басқосуда «Түркістан облысының мектептеріне «Білім-Инновация» лицейлерінің тәжірибесін енгізу» қайырымдылық жобасы талқыланып, ұсыныс кеңес мүшелерінің қолдауына ие болды. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Бану Нұрғазиева мен қордың басқарма төрағасы Ләззат Чинкисбаева бастаманың өзектілігіне тоқталып, оның сапалы әрі нәтижелі іске…

Толық оқу