ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ КОНТРАБАНДАНЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету бағытында сәуір айында құзырлы мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізді. Есепті кезеңде шекара кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған 4 113 тұлға ұсталды, оның ішінде 3 545-і шетел азаматтары. Сонымен қатар мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен…

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ САННАН САПАҒА КӨШУДІ ТАПСЫРДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық даму сапасын арттыру және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиынға Премьер-министр, Президент Әкімшілігінің басшылығы, Ұлттық банктің төрағасы, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің жетекшілері мен Үкімет мүшелері қатысты.   Мемлекет басшысы Үкіметке макроэкономикалық орнықтылықты нығайту үшін ел тұрғындарының әл-ауқатын көтеру және инфляция деңгейін төмендетуді…

Толық оқу

САПАЛЫ БІЛІМ БОЛАДЫ

Шымкенттегі мектептерде педагогтердің кәсіби біліктілігін дамыту, оқу үдерісін цифрландыру негізінде білім сапасын көтеру үшін «САПАЛЫ БІЛІМ» кешенді дамыту жобасы әзірленіп жатыр. Жоба Білім басқармасының құрылымдық бөлімшелері, әдістемелік орталық, біліктілікті арттыру орталықтары және барлық орта мектептер арқылы іске асырылады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мәлімдеді.   Жобаның идеясы — педагог кадрлардың кәсіби біліктілігін, білім…

Толық оқу

ТУРИЗМ ЖӘНЕ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ ІСІ

Түркістан облысының әкімі шетелдік инвесторларды қабылдады. Қытайдың Шанхай аймағынан келген делегация өкілдеріне өңірдің өндірістік және инвестициялық әлеуеті таныстырылды. Нұралхан Көшеров – Тарихи Түркістанға қош келдіңіздер. Биыл Шанхай қаласында Түркістан облысының туристік әлеуетін таныстыратын ақпараттық кеңсе ашуға қолдау білдіргендеріңіз үшін алғысымызды айтамыз. Бұл – өңір туризмі үшін маңызды қадам. Сіздермен өндірістің сан саласында әріптестік орнатуға дайынбыз….

Толық оқу

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАННЫҢ ӨҢІР БАСШЫЛАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ақтау қаласында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Ариповтың қатысуымен Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері басшылары кеңесінің бірінші отырысы өтті. Екі мемлекет басшысы – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің ортақ шешімі негізінде өңіраралық өзара ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды тетік – Өңірлер басшылары кеңесі құрылды. Жиында сөз…

Толық оқу

КҮРЕС ҚАРҚЫНДЫ

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Келес ауданына арнайы барып, жедел штаб отырысын өткізді. Күн тәртібінде шегірткеге қарсы химиялық өңдеу бойынша жауаптылардың есебін тыңдалды. Қазір дернәсілдер оянып, белсенділігі артты. Зиянкестермен күреске Арыс қаласы бойынша Қожатоғай, Ақдала, Монтайтас, Дермене ауыл округтеріне 22, Сарыағаш ауданы бойынша Әлімтау, Дарбаза, Жылға, Тегісшіл, Қызылжар, Дербісек, Жібек жолы, Ақжар ауыл округтеріне 15,…

Толық оқу

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА 18 МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

Түркістан облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті мәжілісі өтті. Комиссия отырысына Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұрлан Әбішов, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Қайыпбек, тұрақты комиссия мүшелері Бақытжан Сүлейменов, Талғат Садуов, Қанат Салыбек, Қарлығаш Жантөреева, Бақытжан Басымбек, Жандос Туламетов, Бауыржан Шойбеков, Жандос Құрақбаев, Бақыт Байғараев және облыстық…

Толық оқу

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА 4 МЫҢ АДАМ ҚАТЫСТЫ

Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «World Cleanup Day» – Дүниежүзілік тазалық күніне орай ауқымды экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Негізгі тазалық жұмыстары Қаратау жотасының етегінде орналасқан Ащысай елді мекенінде өткізілді. Оған 4 мыңнан астам адам қатысып, 70 арнайы техника жұмылдырылды. Сонымен қатар қоршаған ортаны абаттандыру және…

Толық оқу

ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС: ШЕКАРА АЙМАҚТАРЫ ТОЛЫҚ БАҚЫЛАУДА

ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ Түркістан облысында ауыл шаруашылығы алқаптарын зиянкестерден қорғау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін шегірткеге қарсы мониторинг аясында 325,09 мың гектар жер зерттеліп, оның 86,23 мың гектарында зиянкестің экономикалық зиян шегінен асқаны анықталған. Қазіргі таңда 65 секторда 290 арнайы техника мен 74 су тасымалдау көлігі жұмылдырылып, химиялық өңдеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Облыс әкімінің…

Толық оқу