ЕКІНШІ ОРЫНҒА ШЫҚТЫ

Макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша биылғы 10 айда Шымкент қаласы экономикасының өсімі 14,8 пайызды құрап, республика бойынша алдыңғы қатардан көрінді. Атап айтқанда Шымкент 114,8% көрсеткішпен Астана қаласынан кейінгі (119,7%) екінші орынға тұрақтады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында баяндады. Ғабит Сыздықбеков: – Оның ішінде сауда көлемі…

Толық оқу

ҚАЗЫҒҰРТТА 10 МЫҢ ТҰРҒЫН АКЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

Қазығұрт ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау және елді мекендердің тазалығын жақсарту мақсатында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Бұл игі шара аудан көлемінде ерекше серпінмен өтіп, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды. Ауқымды экологиялық акцияға аудан тұрғындары белсенді түрде қатысып, жалпы саны 10 000 адам жұмылдырылды. Бірлік пен ұйымшылдықтың үлгісін…

Толық оқу

500-ДЕН АСТАМ ТАЛАНТ БІР МЕЗЕТТЕ КҮЙ ТАРТТЫ

Жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі аясында «Күй күмбірі» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Түркістандағы «Жібек жолы» саябағында 300-ден астам жас өнерпаз бір мезетте домбыра тартты. Оқушылар қазақ күй өнерінің жауһарлары – Құрманғазының «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын» күйлерін орындады.   Ұлттық өнерді ұлықтауға Түркістан, Кентау қаласы мен Бәйдібек, Отырар аудандарының оқушылары да қатысты. Олардың 300-ге жуығы Түркістанда, қалған 200-ден…

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ САПАЛЫ ОРЫНДАЛУЫН БАҚЫЛАУҒА БАРДЫ

Түркістан облыстық мәслихатының бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес,  облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішовтың өкімімен құрылған уақытша депутаттық комиссия Мақтаарал ауданында барып, өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға бағытталған стратегиялық маңызы жоғары «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісінің құрылыс барысымен танысты. Іссапар аясында комиссия мүшелері теміржол магистралінің бойындағы құрылыс нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйін зерделеді. Сондай-ақ, жоба шеңберінде жүргізіліп…

Толық оқу

ТҮРКІСТАНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ

Түркістан қаласында «Ерлік пен бірлік – заң мен тәртіптің тірегі» атты ауқымды республикалық акция шеңберінде «Таза Қазақстан» аллеясының салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды. Маңызы зор бұл жоба Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі бастамасымен қолға алынып, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті үйлестіруімен және облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды. Іс-шараға өңірдің зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау құрылымдарының…

Толық оқу

900 ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

Төлеби ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде өткен «Мөлдір бұлақ» экологиялық апталығы аясында кең көлемді тазалық және абаттандыру шаралары ұйымдастырылды. Игі бастамаға аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың жетекшілігімен 900-ге жуық тұрғын қатысып, 70-тен аса мекеме белсенділік танытты. Сонымен бірге жұмыстарды тиімді жүргізу үшін 18 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Акция барысында бір күннің өзінде аудан аумағында 9 мыңға…

Толық оқу

ЖҰМЫС ЖАЛҒАСАДЫ

Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өтті. Басқосуға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек төрағалық етті.   Комиссия жұмысы барысында өзекті әлеуметтік мәселелер ортаға салынып, нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берілді. Күн тәртібіндегі оқушылар мен жастар арасында суицид пен құқықбұзушылықтың алдын алу, отбасылық зорлық-зомбылықпен күрес, аз қамтылған отбасылармен жұмыс, адам…

Толық оқу

БАУЫРДЫ ГЕПАТИТТЕН САҚТАҢЫЗ

Гепатит – бұл бауырдың қабынуымен сипатталатын ауру. Бауыр – ағзадағы ең маңызды мүшелердің бірі, ол ас қорытуға қатысып, зиянды заттарды сүзгіден өткізеді, ағзаға қажетті белоктар мен ферменттерді түзеді. Сондықтан бауырдың зақымдануы бүкіл ағзаның жұмысына әсер етеді.   Гепатиттің пайда болуына әртүрлі факторлар әсер етеді. Оның ішінде ең кең таралғаны – вирустық гепатиттер (А, В, С,…

Толық оқу

СУ ҮНЕМДЕУГЕ КӨШІРІЛДІ

Түркістан облысының даму жоспары индикаторлық көрсеткіштермен өлшенеді. Аудан және қала әкімдіктері мен жауапты басқармаларға тиесілі жұмыстардың атқарылуы тұрақты бақылау арқылы бағаланады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында көтерген бастамасын облыс әкімдігі осылай іске асырып жатыр. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өзі жетекшілік ететін салалар бойынша аудан-қала әкімдері орынбасарларымен осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды саралады….

Толық оқу

АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдегі көпбалалы аналармен және түрлі салада аянбай еңбек етіп жүрген жандармен арнайы кездесті. Мерекелік жүздесу барысында ананың қоғамдағы рөлі, отбасы құндылықтары мен ұрпақ тәрбиесі төңірегінде жылы дидарласу өтті. ​Берекесі мен бірлігі жарасқан облыс халқының жартысына жуығын әйелдер қауымы құрайды: ​Жалпы халық саны: 2 148,2 мың адам. ​Әйелдер үлесі:  1 055,6…

Толық оқу