БАҒАНЫ ЖӨНСІЗ КӨТЕРУГЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕУДІ ТАЛАП ЕТТІ

Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, ішкі нарықты қажетті өнім көлемімен қамтамасыз ету және жергілікті өндірісті ұлғайту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бұл мәселе облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде қаралып, жауапты басқарма басшылары атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров азық-түлік бағасын тұрақты деңгейде ұстап тұрумен қатар, тұрғындарды…

Толық оқу

РФММ ЕМТИХАНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТУҒАН ДАУҒА МИНИСТРЛІК ЖАУАП БЕРДІ

Республикалық физика-математика мектебінің (Республикалық физика-математика мектебі) 7-сыныбына мемлекеттік грант негізінде қабылдау нәтижелері жарияланғаннан кейін ата-аналар арасында қызу талқылау басталды. Наразылықтың басты себебі – қазақ және орыс бөлімдеріндегі өту балдарының арасында айқын айырмашылықтың болуы.   Мектептің Алматы және Астана қалаларындағы филиалдары талапкерлердің нәтижелерін ресми сайтында жариялады. Тізімдерде әр оқушының жеке сәйкестендіру нөмірі, жинаған ұпайы және қабылдау…

Толық оқу

21 МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты 21 өзекті мәселе қаралып, нақты шешімдер қабылданды. Сессияда облыстық тексеру комиссиясының, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, ветеринария басқармасы басшыларының есебі тыңдалды. Депутаттарға кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге берілген лицензиялар мен келісімшарттардың орындалу барысы баяндалды. Бұл салада кездесетін мәселелерге…

Толық оқу

«ШЕКСІЗ ӘЛЕМ»: ЕРЕКШЕ КЕШ

Түркістан қаласында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың қатысуымен «Шексіз әлем» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – ерекше балалардың шығармашылық және спорттық жетістіктерін насихаттап, олардың қоғам өміріне белсенді араласуына қолдау көрсету. Мерекелік кеш ерекше балалардың қолөнер көрмесімен басталды. Қонақтар жас шеберлердің туындыларын тамашалап, олардың шығармашылық…

Толық оқу

ҚАБЫЛДАУДА КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ТАПСЫРЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Нұралхан Көшеров:  — Құрметті Кентау қаласының тұрғындары! Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, облыс әкімдері барлық аудандардың тұрғындарымен кездесіп, мәселелерді ашық диалог алаңында шешу тапсырылған болатын. Осыған сәйкес, бүгін Қарт Қаратаудың баурайында…

Толық оқу

ҮНДЕМЕСТЕН ҮЙДЕЙ БӘЛЕ

Лейшманиоз аурулары – бұл адам мен жануарлардың ішкі ағзалар мен теріні зақымдайтын трансмиссивтік аурулар тобы. Ауру қоздырғышы – лейшманиялар екі қожайында дамитын қарапайым паразиттер.   Тері лейшманиоз ауруының қоздырғышы – Leishmania major. Инкубациялық  мерзімі 1аптадан 1-1,5 айға дейін, көбінесе 10-20 күн.   Ауру үндемес шаққан орында қабынған терімен қоршалған дөңестің пайда болуынан басталады. Алғашқыда дөңестің…

Толық оқу

ТҮРКІСТАНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙДІ: ӘКІМДЕР ДЕ СЕНБІЛІККЕ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА 

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасының өңірде іске асырылу барысы жан-жақты талқыланды. Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, аудан-қалалардағы көрсеткіштер мен шешімін күткен мәселелерге тоқталды. Облыста қоғамдық орындардың тазалығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы…

Толық оқу

ТҮРКІСТАНДА ЗАМАНАУИ АКВАПАРК АШЫЛАДЫ

Түркістан облысында туризм индустриясын дамытуға бағытталған ауқымды жобалардың бірі – жаңа үлгідегі заманауи аквапарк және ойын-сауық кешенінің құрылысы ресми түрде басталды. Бұл бастама өңірдің туристік тартымдылығын күшейтіп, ішкі және халықаралық саяхатшылар үшін тартымды демалыс орталығын қалыптастыруды көздейді. Жоба облыс әкімі Нұралхан Көшеров мен шетелдік инвесторлар арасында өткен келіссөздер нәтижесінде жүзеге асырылып отыр. Жоспар бойынша жаңа…

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТТЕР КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Президенті Германия Бундесратының Президенті Анке Релингермен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Германияны Қазақстанның Еуропа Одағындағы негізгі стратегиялық серіктесі ретінде атады. Қасым-Жомарт Тоқаев: – Германия – біз үшін маңызды ел, Еуропадағы негізгі серіктесіміз. Сіздердің мемлекетпен ынтымақтастыққа айрықша мән береміз. Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, Германияға жасаған сапарым туралы ойыммен бөліскім келеді. Өзім бұрыннан жақсы білетін Штайнмайер мырзамен…

Толық оқу

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА ЖОЛ БЕРМЕУ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өңірлік жедел штабтың мәжілісі өтті. Басқосуда кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сараланды. Жиын барысында құқық қорғау органдары мен жауапты мекемелердің баяндамалары тыңдалып, құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру, білім беру ұйымдары, ата-аналар және тиісті қызметтердің өзара үйлесімді…

Толық оқу