ҚАБЫЛДАУДА КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ТАПСЫРЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Нұралхан Көшеров: — Құрметті Кентау қаласының тұрғындары! Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, облыс әкімдері барлық аудандардың тұрғындарымен кездесіп, мәселелерді ашық диалог алаңында шешу тапсырылған болатын. Осыған сәйкес, бүгін Қарт Қаратаудың баурайында…
