ЗАҢСЫЗ ҚАЗБАУ ҚАЖЕТ

Түркістан облысында кең таралған пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатын 221 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген. Олар 75 келісімшарт және 146 лицензия негізінде қызмет атқарады. Өткен жылы аталған сала субъектілерінен облыстық бюджетке 9,1 млрд теңге көлемінде түсім түскен. Аймақта лицензиялары тоқтатылған және игерілмей жатқан учаскелерге түгендеу жүргізіліп, оларды мемлекет меншігіне қайтару мақсатында арнайы комиссия құрылған. Бұл мәселе облыс…

Толық оқу

ЖЕКЕ МӘСЕЛЕ ЕМЕС

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов тұрғындарға жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың өтінішін бақылауға алды. Қазір азаматтардың дені жеке қабылдауға жеке емес көпшілікке ортақ мәселемен келетін болған. Арызданушылар арасында Жетісай, Мақтаарал, Қазығұрт, Ордабасы аудандары мен Арыс қаласының тұрғындары бар. Олар кәсіпкерлікке қолдау, жер мәселесі, жұмыспен қамту, сапалы ауыз су мен жол және әлеуметтік мәселелер бойынша ұсыныстарын…

Толық оқу

59 ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ІСІ СОТҚА ЖОЛДАНДЫ

Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз игеру фактілерінің алдын алу, құқық бұзушылықтарды анықтау және мемлекетке келтірілген шығынды қайтару бағытындағы жұмыстар жандана түсті. Бұл мәселе облыс әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде жан-жақты талқыланды. Жиында облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдіктеріне бақылау шараларын күшейтуді міндеттеді. Нұралхан Көшеров:  – Заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларға қарсы күрес жөніндегі…

Толық оқу

ЕЛДІҢ ҰЗАҚМЕРЗІМДІ ДАМУЫНА БАҒЫТТАЛҒАН

Әділет партиясының сайлауалды бағдарламасындағы 9 және 10 басымдықтар – елдің ішкі тұрақтылығы мен сыртқы қауіпсіздігін, азаматтардың күнделікті тұрмысын және Қазақстанның ұзақмерзімді даму бағытын бір арнаға тоғыстыратын маңызды бөлімдер. Бұл екі бағыттың өзегінде өте қарапайым, бірақ аса маңызды қағида жатыр: таза орта, қауіпсіз мемлекет, әділетті экономика және жауапты саясат – азаматтың лайықты өмір сүруінің негізгі шарттары….

Толық оқу

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Ордабасы ауданында елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындар үшін жайлы әрі таза орта қалыптастыру мақсатында кезекті көркейту және абаттандыру іс-шаралары ұйымдастырылды. Аудан орталығы Темірлан ауылында өткен шара аясында «Темірлан абаттандыру» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орталық көшелер мен көпшілік пайдаланатын қоғамдық аумақтарды ретке келтірді. Көше бойындағы…

Толық оқу

ӘРІПТЕСТІК АРТАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров танымал кәсіпкер, «Kusto Group» холдингінің негізін қалаушы Қанат Көпбаевпен кездесіп, аймақта инвестициялық бастамаларды іске асыру жолдарын талқылады. Кәсіпкерге  инвестициялық мүмкіндіктер, өндірістік және индустриялық, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар жөнінде ақпарат ұсынылды. Тараптар Түркістан облысында жаңа жобаларды жүзеге асыру, өңірдің инвестициялық тартымдылығын күшейту бағытындағы әлеуетті талқылады. Сонымен қатар Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайды…

Толық оқу

ТИІМДІ ИНСТИТУТТАР ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Әділет партиясының «Тиімді жұмыс істейтін институттар» бағыты. Әділет партиясының бағдарламасындағы екінші бағыт – «Тиімді жұмыс істейтін институттар» – мемлекет жұмысының сапасын арттыруға, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін күшейтуге және билік пен қоғам арасындағы байланысты жақсартуға бағытталған маңызды бастамалар жиынтығы деп бағалауға болады. Бұл бағыттың негізгі ерекшелігі – мемлекеттің тиімділігі жекелеген адамдардың беделіне немесе жеке мүддесіне…

Толық оқу

719 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Өткен 8 айдың қорытындысына сәйкес Түркістан облысында 719 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өсім 107 %-ды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша өңір республика көлемінде 4-орында тұр. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында айтылды. Биыл республика бойынша 20,4 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Оның 1,25 млн шаршы…

Толық оқу

САЛЫНЫП ЖАТЫР

Түркістан қаласының әкімі жаңадан салынып жатқан  Мәдениет үйінің құрылыс алаңында болды. Ғимарат жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қазір екінші қабатының қабырғалары қаланып жатыр. Нұрбол Тұрашбеков техникалық қадағалаушылардың есебін тыңдап, құрылыс бөлімінің басшысына ғимараттың сапалы салынуын қадағалауды тапсырды. Ал, мердігерге нысанды талапқа сай салып, межелі мерзімінде аяқтау керектігін ескертті. «- Мәдениет үйі халықты рухани…

Толық оқу

МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУЫНАН БИЗНЕС ТЕ ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Олжас Бектеновтің баяндамасын тыңдады деп хабарлайды, Ақорданың баспасөз қызметі. Табиғи апаттың салдарын жою және зардап шеккен отбасыларға жан-жақты көмек көрсету Үкіметтің  қадағалауында. Күні бүгінге 61352 адам өз үйлеріне оралса, эвакуациялық пункттердегі 5452 тұрғынға  жан-жақты жәрдем беріліп жатыр. 100 АЕК көлемінде бірреттік төлем беру үшін 10 миллиард теңгеден аса қаржы бөлініп, 26…

Толық оқу