editor

АТШАБАР АШЫЛДЫ

Түркістанда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі сән-салтанатымен өтіп жатыр. Жаңадан салынған заманауи атшабар ресми түрде ашылды. Наурызнама онкүндігі аясында әлемдік деңгейде ұлттық спорттың бірнеше түрінен жарыстар ұйымдастырылып, ат тұяғы тиіп те үлгерді. Наурыз мейрамы да атшабарда өтті. Мыңдаған көрерменмен бірге думанды кешті  Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров те тамашалап, тұрғындарды әз-Наурызбен құттықтады. Нұралхан Көшеров:…

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ ҚАТЫСТЫ

Түркістанда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы тойланды. Мерекелік іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қатысып, жұртшылықпен бірге ұлттық мерекенің шаттығын бөлісті. Сондай-ақ салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров те қатысты. Республика мен Түркістан облысының өнерпаздары сахна төрінде өнер көрсетіп, қазақтың бай мәдени мұрасы мен рухани құндылықтарын кеңінен насихаттады. Ұлттық нақышта безендірілген киіз…

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДАМУ ДИНАМИКАСЫН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ

Президент зиялы қауым өкілдерінің кездесуінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін атап өтті. Былтыр ел экономикасы 6,5 пайызға өсті. Жалпы ішкі өнім 306 миллиард долларға жетті. Ал оның жан басына шаққандағы үлесі алғаш рет 15 мың доллар болды. Бұл – ТМД елдерінің арасында жоғары көрсеткіш.   Алтын-валюта қоры Тәуелсіздік тарихында алғаш рет 74 миллиард долларға жуықтаған. Орталық Азия…

Толық оқу

ТҮРКІСТАН — ҰЛТ РУХЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖӘНЕ ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖОЛЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары еліміздің рухани астанасына деген айрықша ілтипат пен болашаққа бағытталған стратегиялық жоспарлардың тоғысуына айналды. Мемлекет басшысы өз сөзін Түркістанның қазақ халқы мен күллі түркі әлемі үшін қасиетті шаңырақ екенін баса айтудан бастады. «Менің Түркістанға ықыласым ерекше екенін жақсы білесіздер. Мемлекет басшысы ретінде алғашқы сапарымды осы өлкеден бастадым», –…

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ ЗИЯРАТ ЕТТІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Мемлекет басшысының өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.   Президент кесене аумағында жерленген ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен өзге де әйгілі тарихи тұлғалардың рухына тағзым етті.  

Толық оқу

ЖАҢА ЖЫЛДЫ ЖАҢА БАСПАНАДА ҚАРСЫ АЛАДЫ

Шымкенттік 50 отбасы Жаңа жылды су жаңа пәтерде қарсы алады. Ұлыстың ұлы күніне күтпеген сый болды. Қазақстан халқын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы. Мегаполисте апта сайын, кезектерін жылдап күткендер баспаналы болып жатыр. Жаңа қоныс иелеріне пәтер кілтін қала  әкімі Ғабит Сыздықбековтің өзі табыстап, тұрғындарды құттықтады. Сондай-ақ, баспана мәселесін шешуде мемлекеттік қолдаудың…

Толық оқу

БАРОКАМЕРА БӨЛМЕСІ БАР

Кентауда жаңадан барокамера бөлмесі ашылды. Мұнда ай сайын 25 балаға  оттегімен емдеуге мүмкіндік пайда болды.   Жоба «Самұрық-Қазына» қорының бірыңғай қайырымдылық операторы – Samruk-Kazyna Trust қаржыландыруымен жүзеге асырылды. Барокамера «Дара бала» түзету орталығына орнатылды.   Енді мұнда 1,5-18 жас аралығындағы психо-сөйлеу дамуы тежелген, сөйлеу қабілетінде кідірісі бар және аутистикалық спектр бұзылыстары диагнозы қойылған балалар ем…

Толық оқу

ҚОСТҮЙІНДЕ ОТ ЖАҚПАЙДЫ

Отырар ауданында Қостүйін елді мекеніне табиғи газ берілді. Енді ауыл тұрғындары ағаш тасып, көмір сатып алып от жақпайды. ​Ауданды көгілдір отынмен қамту жоспарға сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда 21 елді мекенде  табиғи газ бар. ​Қостүйін ауылының ақсақалдары мен тұрғындары атқарылған жұмысқа ризашылығын білдіріп, ел игілігі үшін ақ батасын берді. ​Табиғи газдың келуі ауыл тұрғындарын қысқы…

Толық оқу

РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНДІ

Түркістанда бір мезетте 1 мыңнан астам бала асық ойнап, Қазақстанның «КИнЭС» рекордтар кітабына енді. Ұлттық ойын Наурызнама онкүндігі аясында ұйымдастырылды. Ойыншылардың еңбегін Қазақстанның «КИнЭС» рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Тастүлеков ресми растап, арнайы сертификат табыстады. Өңірдің өрендері мектептердің үйірмесінен келіп қатысты. «Асық ойнаған озар» деген халық даналығына құлақ асып, ұлттық ойынды ұмыттырмай келеді. Қазақтың бұл…

Толық оқу

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Жылдағы үрдіс бойынша Түркістан қаласындағы «Бекзат» мөлтек ауданының 1995 жылғы тумалары жиылып, көпбалалы отбасыға баспана алып берді.   Айсұлу Көшербаева тағдыр тауқыметімен мүмкіндігі шектеулі әкесіне қамқорлық жасай жүріп, 4 перзентімен бірнеше жылдан бері пәтер жалдап келген. Қасиетті Рамазан айында қайырымды азаматтардың жомарттығымен 5 бөлмелі баспанаға ие болды.   1988 жылы туған азаматтардың қолдауымен Ұлыстың ұлы…

Толық оқу