КЕЛЕСТЕ ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Келес ауданына жасаған жұмыс сапары аясында Жүзімдік ауылдық округінде бой көтерген 149 орындық мәдениет үйі мен кітапхананың салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Іс-шара барысында өңір басшысы тұрғындарды жаңа нысанның пайдалануға берілуімен құттықтап, оның ауылдың рухани өміріндегі маңызын атап өтті. Нұралхан Көшеров: – Бүгін Келес ауданы Жүзімдік ауылында заманауи талаптарға сай салынған…
