editor

КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ ҮШІН МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізген Түркістан облысының спортшыларын қабылдап, құрмет көрсетті. Кездесу барысында облыс әкімі спортшыларды халықаралық додадағы жеңістерімен құттықтап, олардың жетістігі өңірде ұлттық спорт түрлерін одан әрі дамытуға және жас спортшылардың жігерін арттыруға тың серпін беретінін атап өтті. Нұралхан Көшеров:  – Сіздер ел…

Толық оқу

АВИАЦИЯЛЫҚ ОТЫНДЫ САҚТАУ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС директорының бірінші орынбасары Ерлан Ахмолдинмен кездесті. Жиын барысында өңірде инвестициялық жобаны іске асыруға қатысты өзекті мәселелер қаралып, жобаның қазіргі ахуалы мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары сараланды. Кездесу кезінде инвестор тарапынан көрсетілген қолдау үшін облыс әкімдігіне алғыс білдірілді. Өз кезегінде облыс әкімі Нұралхан Көшеров аталған жобаның өңір экономикасы үшін…

Толық оқу

БРИКС плюс: ҚАЗАҚСТАН ҮШІН БАСТАМАДАН НАҚТЫ НӘТИЖЕГЕ ДЕЙІН

Нью-Делиде өткен «БРИКС плюс» саммитінің Қазақстан үшін негізгі маңызы – елдің халықаралық күн тәртібіндегі ұстанымын білдірумен ғана шектелмейді. Саммит Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын нақты экономикалық және институционалдық міндеттермен байланыстыруға мүмкіндік берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген бастамалардың басым бөлігі сауда, инвестиция, көлік, технология, су ресурстары және халықаралық қауіпсіздік салаларындағы нақты нәтижелерге бағытталған. БРИКС-тің Қазақстан үшін…

Толық оқу

БАҒАНЫ ЖӨНСІЗ КӨТЕРУГЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕУДІ ТАЛАП ЕТТІ

Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, ішкі нарықты қажетті өнім көлемімен қамтамасыз ету және жергілікті өндірісті ұлғайту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бұл мәселе облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде қаралып, жауапты басқарма басшылары атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров азық-түлік бағасын тұрақты деңгейде ұстап тұрумен қатар, тұрғындарды…

Толық оқу

ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАНДАРҒА 237 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Түркістан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау және аумақтарды абаттандыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. 2026 жылдың басынан бері қоғамдық орындарда белгіленген тәртіп талаптарын бұзған азаматтарға қатысты әкімшілік шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы бойынша…

Толық оқу

САРЫАҒАШ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Түркістан облысының Сарыағаш қаласында жаңғырту жұмыстарынан өткен теміржол вокзалы тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді. Нысанның ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Елжас Отыншиев, облыстық мәслихат төрағасы Нұрлан Әбішов, теміржол саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты. Салтанатты жиында облыс әкімі «Сарыағаш» теміржол вокзалының өңір үшін маңыздылығына ерекше тоқталды. – Баршаңызды…

Толық оқу

ҚОС ТҰЛҒАНЫ ЕСКЕ АЛДЫ

Отырарда мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы-этнограф, мәдениет жанашыры Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына және филология ғылымдарының докторы, профессор, қазақ тілін зерттеуші Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған «Руханият пен тіл: Өзбекәлі Жәнібек және Өмірзақ Айтбаев тағылымы» атты ғылыми-танымдық конференция өтті. Жиынға ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, мәдениет пен өнер саласының мамандары, қаламгерлер, ұстаздар мен…

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ НЕ ДЕДІ: ОБЛЫС НЕ ІСТЕМЕК?

Түркістан облысында білім сапасы мәселесі тағы да өткір қойылды. Мемлекет басшысының білім саласына қатысты сын-ескертулері мен тапсырмаларынан кейін өңірде білім нәтижелерін жақсартуға бағытталған нақты шаралар белгіленді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен кеңейтілген мәжілісте ҰБТ, PISA, ББЖМ, мектепішілік бағалау, педагогтердің кәсіби деңгейі және білім беру ұйымдарының көрсеткіштері талданды. Нәтижесінде 2026-2029 жылдарға арналған білім сапасын арттырудың…

Толық оқу

700 МЫҢНАН АСТАМ АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың орман қорына 2 млрд, ал елді мекендерге 15 млн ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысының орман қоры аумақтарында 2021-2025 жылдары 110 мың гектар жерге 170 млн көшет егу міндеті белгіленген болатын. Кешенді жоспар аясында аталған кезеңде 96 мың гектар аумаққа 146 млн түп көшет отырғызылып, белгіленген жоспар артығымен орындалды. Биыл…

Толық оқу

БАУЫРЛАС ЕЛДІҢ БІЛІМІ ҒЫЛЫМДА ДА БІРГЕ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТПЕК

Шымкент қаласындағы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің делегациясы Түркия Республикасына арнайы жұмыс сапарымен барды. Іссапардың басты мақсаты – биыл өз қызметіне алғашқы талапкерлерді қабылдаған Гази университеті филиалының жұмысын одан әрі жандандыру, сондай-ақ ғылыми-білім беру саласындағы өзара серіктестікті кеңейту және жаңа бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамыту. Қазақстандық делегацияны Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің…

Толық оқу