ТАБИҒАТ ЖАНАШЫРЛАРЫ МЕН ЖУРНАЛИСТЕР СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ
Түркістан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясындағы экологиялық шаралар жүйелі түрде жалғасуда. Осыған орай Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен Сырдария өзенінің жағалауында «Мөлдір бұлақ» акциясы өткізілді. Тазалық акциясына Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Мұхтар Төлепов, «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік…
