ПРЕЗИДЕНТ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов қабылдап, елдегі заң шығару қызметінің барысы мен конституциялық реформаларды іске асыру есебін тыңдады. Кездесу барысында Мәжіліс спикері Президент бастамасымен жүзеге асырылып отырған саяси жаңғыру үдерістерін құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселесіне кеңінен тоқталып, атқарушы және заң шығарушы билік арасындағы үйлесімді жұмыстың нәтижелері туралы баяндады. Ерлан Қошановтың айтуынша,…
