ҚЫТАЙМЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРТУДА
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми және іскерлік делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды. Сапардың басты мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту, өңіраралық байланыстарды кеңейту және сауда-экономикалық ықпалдастықты тереңдету. Сонымен қатар өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру, тікелей шетелдік инвестициялар тарту, агроөнеркәсіптік кешенді…
