ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ
Шымкентте Наурыз онкүндігі аясында – DamDastour халықаралық гастрономиялық фестиваль өтті. Кәсіби аспаздар ұлттық және әлемдік асхананың үздік тағамдарын көпшіліктің көз алында дайындады. Фестивальге отандық және шетелдік халықаралық деңгейдегі 10 шеф-аспаз қатысты. Олар авторлық тағамдарын ұсынып, шеберлік сабақтарын өткізіп, кәсіби шеберліктерімен бөлісті. Гастрономиялық байқау бірнеше номинация бойынша үміткерлерді іріктеді. Елуге жуық жергілікті мейрамхана алуан түрлі тағамдар…
