БИЫЛ 1,2 млн м2 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
Астанада өткен Үкімет отырысында азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру жолдары қаралды. Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үй беру жоспарларын дұрыстап орындауды тапсырды. Олжас Бектенов: — Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарларының орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл ретте қалаларда қолайлы, жайлы ортаны қалыптастыруға көңіл бөлу керек….
