ҚАЗАҚ-ҚЫТАЙ СЕНІМДІ СЕРІКТЕС
Астанаға арнайы келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев зор құрметпен қарсы алды. Екі ел басшылары бизнес саммитке қатысып, сауда-экономикалық, көлік-логистика, инвестициялық әріптестікті нығайту бағытында келіссөз жүргізді. Сан қырлы қазақ-қытай ықпалдастығының мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық әріптeстік рухында және бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып келе жатқанын мемлекет басшысы ерекше ықыласпен атап өтті. Қытаймен ортақ тарихымызда ешқандай…
