ҮШ ЖЫЛДА 110 ЖОБА ЖОСПАРЛАНҒАН

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен Инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Оған инвесторлар, аудан, қала әкімдері, басқарма басшылары, кәсіпкерлік пен инвестицияға қатысты мекеме жетекшілері қатысты. Мәжілісте жаңадан жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың ахуалы баяндалды. Аймақ басшысы жауаптыларға жұмысты жеделдетуді, өндіріс орындарын көбейтіп, жобаларды сүйемелдеуді тапсырды. Нұралхан Көшеров: – Бүгінгі инвестициялық штаб отырысында маңызды мәселелер қаралуда….

Толық оқу

ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРДІ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті  «Шардара-Сервис» МКК-ның жұмысына жоспардан тыс тексеру жүргізді. Бұған 3 тұтынушының өтініші себеп болған. Тексеру барысында кәсіпорынның «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын бұзу фактілері анықталған. Олар тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қол жетімділікті ұсынбаған, сөйтіп тиісті заңнаманы бұзған. Тексеру…

Толық оқу

ШАРУАЛАРМЕН ШЕШТІ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығымен айналысатын адамдар көп болғандықтан, сумен қамтамасыз ету жазғытұрым өзекті мәселеген айналады. Президент тапсырмасына сәйкес егіс алқаптары жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйесіне көшіріліп жатыр. Ортақ шаруаны шешу үшін шаруалардың өздерімен кездесуді облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков қолға алған. Бүгін «Бөген» су қоймасында кезекті кездесу өтті. Оған облыс мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов арнайы…

Толық оқу

ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСТЫ НАЗАРДА

Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады. Ермек Сағымбаев ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмысының нәтижесі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есеп берді, деп хабарлайды, Ақорданың баспасөз қызметі.   Мемлекет қауіпсіздігі   43 адам лаңкестік пен діни экстремизм бабы бойынша сотталған және 34 азамат тергеліп жатыр, терроризм мен экстремизмге қатысы бар 212 шетелдіктің Қазақстанға кіруіне жол…

Толық оқу

ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ МАЖАРСТАНДА МӘЖІЛІС ҚҰРДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Будапештте өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты. Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен келіссөз жүргізіп, ілтипат білдірді. Мажарстанға сапар нақты уағдаластықтарға қол жеткізіп, Астана мен Будапешт арасындағы өзара түсіністікті нығайту тұрғысынан нәтижелі болды. Президент екіжақты байланыстың басым бағыты ретінде сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты атады. Былтыр өзара сауда-саттықтың көлемі 200 миллион долларға жетті, осы…

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫН ОРЫНДАУДА

Ел экономикасын дамыту үшін отандық және шетелдік инвесторларды тартып, инвеститциялық жобаларды жүзеге асыру Президент тапсырмасы. Осыған байланысты Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тартуда алда келе жатыр.   Бүгін облыс әкімі инвесторлармен кездесіп, келіссөздер жүргізді. Нұралхан Көшеров:  – Біздің алдымызда Түркістан облысын жан-жақты дамыту міндеті тұр. Инвестициялық ахуал жақсы, толық қолдау көрсетіледі. Сонымен бірге біз…

Толық оқу

«WOOSONG» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛАДЫ

Түркістанда Президент тапсырмасына сәйкес Оңтүстік Кореяның «Woosong» университетінің филиалы ашылады. Облыс әкімі халықаралық деңгейдегі университетті ашу жұмыстарын қарқынды жүргізу бойынша жиналыс өткізді. Нұралхан Көшеров  – Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының ел аумағында танымал жоғары оқу орындарының филиалын ашу туралы тапсырмасы аясында облыс орталығынан «Woosong» университетінің филиалын биыл ашамыз. Құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Тұрақты қадағалап, оқу ордасын…

Толық оқу

АУДАНДЫҚ ӘРІПТЕСТЕРМЕН

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы аудандық және қалалық әріптестерімен кездесті. «Бір ел – бір мүдде» тақырыбын талқылады. Басқосуда елдегі ауызбіршілік пен бірлікті сақтау, депутаттық корпустың қоғамдық келісім мен этномәдени бірлестіктермен бірлесе атқаратын жұмыстарды дұрыс жоспарлау әрі жүзеге асыру жолдары айтылды. Бұл бағытта мәслихат төрағалары мен депуттарының маңызды рөл атқарады. Нұралы Әбіш — Халықтың сенімі мен аманатын…

Толық оқу

КОРЕЯМЕН БАЙЛАНЫС НЫҒАЙЫП КЕЛЕДІ

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Құрметті консулы, KITA-ның штаттан тыс директоры, Dongkwang Corporation-ның төрағасы Ли Санг Хун бастаған «Dongkwang Corporation», «BLE., Co Ltd», «ETOV» компанияларының өкілдерімен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы логистикалық хаб, тау-кен өндіру, кабель шығару бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру, әріптестік ынтымақтастықты нығайтуды сөз етті.   Облыс әкімі экономикалық және…

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫМЕН АРҚАЛЫҚҚА БАРДЫ

Премьер-министр Олжас Бектенов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Президенттің Ұлттық құрылтай мен Қауіпсіздік Кеңесінің IV отырысында айтылған автожол желісін дамыту, Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру, энергиямен жабдықтау жүйесін жаңғырту және жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша тапсырмаларының орындалу барысын тексерді.   Арқалық қаласында Премьер–министр өңірлер арасындағы көлік қатынасын жақсартуға бағытталған «Орталық – Батыс» күре жолын салу жөніндегі…

Толық оқу