МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІ КЕЛІП, ІШКІ САЯСАТТЫ РЕТТЕУДІ ТАПСЫРЫП КЕТТІ

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Түркістан облысына жұмыс сапары аясында ішкі саясатқа қатысты мәселелерді талқылауға арналған мәжіліс өткізді. Оған облыс әкімінен бастап аудан әкімдері мен басқарма басшылары қатысты. Ерлан Қарин Мемлекет басшысының бастамалары мен тапсырмаларын тиімді орындауға, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым-қатынасқа, ақпараттық және жастар саясатына, сондай-ақ,  басқа да түйткілдерге қатысты…

Толық оқу

ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНДЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАНДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері жөніндегі отырысы өтті, деп хабарлайды, Ақорданың баспасөз қызметі.   Кеңесте Көлік министрі Марат Қарабаев пен өзге де мемлекеттік орган басшыларының баяндамасы тыңдалды. Президент көлік саласындағы ахуалды сынға алып, қордаланған проблемалар мен белгіленген межелердің орындалмауы жаңғырту жұмыстарын жүргізуге кедергі келтіріп жатқанын еске салды….

Толық оқу

МЫҢНАН АСА АДАМҒА АЛАЯҚТЫҚТАН САҚТЫҚ ТҮСІНДІРІЛДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру негізінде Түркістан облыстық Полиция департаменті мен прокуратурасының ұйымдастыруымен осымен екінші рет ауқымды форум өтті. Бұл жолы «Кибералаяқтық: алдын алу, қорғау, жауапкершілік» тақырыбы қамтылды. Мыңнан аса адамға алаяқтықтан сақтық шаралары түсіндірілді. Өңірде интернет алаяқтары 5,5 пайызға өскен. Алаяқтардың өзін көрмесе де, сөзіне сеніп, тапқан-таянғаны мен жиған-тергенінен қағылып…

Толық оқу

ТӨРАҒА ТАНЫСТЫ

Түркістан облысында шегіртке мен ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы күрес үздіксіз жүргізіліп жатыр. Күні бүгінге дейін 866,7 гектар жер зерттеліп, оның 359,8 мың гектары дәріленген.   Залалсыздандыру жұмыстарын бақылау және өзекті мәселелерді талқылау мақсатымен облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбіш Келес ауданына қарасты Бірлік ауылдық округіне арнайы барды. Аумақтағы ахуалды аудан әкімі баяндап берді. Келес ауданы бойынша…

Толық оқу

СУ ҮНЕМДЕУГЕ КӨШІРІЛДІ

Түркістан облысының даму жоспары индикаторлық көрсеткіштермен өлшенеді. Аудан және қала әкімдіктері мен жауапты басқармаларға тиесілі жұмыстардың атқарылуы тұрақты бақылау арқылы бағаланады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында көтерген бастамасын облыс әкімдігі осылай іске асырып жатыр. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өзі жетекшілік ететін салалар бойынша аудан-қала әкімдері орынбасарларымен осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды саралады….

Толық оқу

ҰҚК ҚАШҚЫНДЫ ТАПТЫ

Астанада жыр болған ЛРТ ге қатысты нүкте қойылатын сияқты. 6 жылдан бері іздеуде жүрген «Астана LRT» ЖШС-нің бұрынғы басшысы Түркиядан табылған. Бас Прокуратура бауырлас елден Қазақстан азаматы Талғат Арданды ұстап беру туралы сұрау жіберген.   Содан бастап Түркияның құзырлы органдары тиісті іздестіру шараларын жүргізді. Биыл ҰҚК оның нақты мекен жайын анықтап, Түркияның құқық қорғау органдары Анталья…

Толық оқу

ҚАЗАҚСТАН — БАӘ БИЗНЕС ФОРУМЫ ӨТТІ

Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян «Астана» халықаралық қаржы орталығының жетістіктерімен танысты. Сондай-ақ, АХҚО Соты, Қаржы қызметін реттеу комитеті, биржа және Халықаралық төрелік орталығының ерекшеліктеріне қанықты. Елімізде Біріккен Араб Әмірліктерінің 46 компаниясы АХҚО резиденті ретінде тіркелген. Олар қаржы және сақтандыру, ақпараттық-коммуникациялық технология, сауда, көлік, өңдеу және тау-кен өнеркәсібі сияқты көптеген…

Толық оқу

10 ҚҰЖАТҚА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Қазақстанға Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян ресми сапармен келді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманның бұл сапары Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беретініне сенім білдірді.   Мақсат-мүдделері бір-бірімен сәйкес келетін қос мемлекет сенімді серіктеске айналған. 2023 жылы екі ел үкіметтері Стратегиялық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру…

Толық оқу

ЖАҢА ПЕРЗЕНТХАНА САЛАДЫ

Демографиялық өсім жоғары Түркістан облысында жаңадан перзентхана салынады. Мұндай келісім Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Абу Дабидің тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның Қазақстанға сапары аясында екіжақты келіссөздер арқылы жүргізілді.   Түркістан облысы әкімдігі мен Абу Даби даму қоры арасында Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян атындағы перзентхана құрылысын қаржыландыру жөнінде өзара…

Толық оқу

АҒЫН СУ ЖЕТУІ ТИІС

Түркістан әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өңірдегі вегетациялық кезеңнің атқарылуы бойынша арнайы мәжіліс өткізді.   Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаевтың айтуынша, егістікке қажетті ағын су көлемі шаруалардың сұранысына сәйкес жеткізіліп жатыр. Облысқа тиесілі жылдық су пайдалану лимитінің 63%-ы көрші мемлекет есебінен толтырылады. Үкіметаралық бекітілген лимиттің көлемі — 1,1 млрд.м3. Трансшекаралық «Достық» магистралды каналы арқылы Жетісай, Мақтаарал…

Толық оқу