500-ДЕН АСТАМ ТАЛАНТ БІР МЕЗЕТТЕ КҮЙ ТАРТТЫ

Жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі аясында «Күй күмбірі» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Түркістандағы «Жібек жолы» саябағында 300-ден астам жас өнерпаз бір мезетте домбыра тартты. Оқушылар қазақ күй өнерінің жауһарлары – Құрманғазының «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын» күйлерін орындады.   Ұлттық өнерді ұлықтауға Түркістан, Кентау қаласы мен Бәйдібек, Отырар аудандарының оқушылары да қатысты. Олардың 300-ге жуығы Түркістанда, қалған 200-ден…

Толық оқу

130 МЫҢ АДАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Елімізде жаңа жұмыс орындарының 14,5 пайызы Түркістан облысында ашылады. «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 130 мыңнан астам адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарланған. Алғашқы жарты жылдықта 36 415 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.   Жұмыссыздықты азайту және халықты сапалы еңбекпен қамту мәселесі облысы әкімінің қатысуымен өткен мәжілісте төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. Түркістан облысы – республикада еңбекпен қамту…

Толық оқу

ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫ ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ

Ғылым қызметкерлері күніне арналған жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тек ғылымның маңызын атап өтіп қана қойған жоқ, сонымен қатар осы саланы жаңа деңгейге көтеретін нақты бастамалар мен міндеттерді айқындап берді. Бұл – ғылымды қолдаудың сөз жүзінде емес, іс жүзінде жүріп жатқанын көрсететін маңызды белгі. Ең алдымен, Президент ғылым мен руханият өкілдеріне арналған жаңа мемлекеттік марапаттарды…

Толық оқу

ШЫМКЕНТТЕ КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ҮКІМ ШЫҚТЫ

Шымкент қаласының қылмыстық сотында Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары Н.Сембаевқа қатысты үкім жарияланды. Ол пара алу фактісі бойынша кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сотта анықталғандай, айыпталушының кінәсі толық дәлелденген. Сонымен қатар, ол өз қылмысына қатыстылығын мойындаған. Іс материалдарына сәйкес, Н.Сембаев ағымдағы жылдың 1 сәуірінде Шымкент қаласы бойынша ҰҚК…

Толық оқу

700 МЫҢНАН АСТАМ АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың орман қорына 2 млрд, ал елді мекендерге 15 млн ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысының орман қоры аумақтарында 2021-2025 жылдары 110 мың гектар жерге 170 млн көшет егу міндеті белгіленген болатын. Кешенді жоспар аясында аталған кезеңде 96 мың гектар аумаққа 146 млн түп көшет отырғызылып, белгіленген жоспар артығымен орындалды. Биыл…

Толық оқу

ЕҢ МЫҚТЫ ИТ ТҰҚЫМЫ ТАҢДАЛДЫ

Түркістан қаласында ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған ерекше мәдени шара өтті. «Жеті қазынаның бірі – ит» атты асыл тұқымды иттер көрмесі ұйымдастырылып, түркі халықтарының тарихы мен тұрмысында айрықша орын алатын тазы мен төбет тұқымдары көпшілікке таныстырылды. Көрме халқымыздың байырғы дәстүрін дәріптеп қана қоймай, түркі жұртының ортақ мәдени мұрасын айшықтаған маңызды іс-шараға айналды. Аталған көрмені Қазақстан Республикасы…

Толық оқу

САУРАНДА 300 ШЫРША ЕГІЛДІ

Жаңару күніне орай, Сауран ауданы, Шорнақ ауылында көгалдандыру және абаттандыру жүргізілді. Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 300-ге тарта шырша көшеттері отырғызылды. Ж.Шайахметов, А.Құнанбаев және Қ.Жиеналиев көшелерінің көркі кіріп қалды. Игі іс қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді көркейту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін ұйымдастырылды.

Толық оқу

АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫҒА 20 МЫҢ ТҮП ТАЛ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Түркістан облысында «Taza Qazaqstan» жалпыұлттық бастамасы аясында кең ауқымды экологиялық акция ұйымдастырылып, бір күн ішінде 20 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылды. Бұл игі шара елдегі экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты қорғауға және жасыл аймақтарды көбейтуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Аталған акция Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасының негізгі мақсаттарын жүзеге асыруға арналды….

Толық оқу

2500 ЖАС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫН АЛАҢЫНДА БАС ҚОСТЫ

Кентауда республикалық «AL-FARABI» интеллектуалды ойынының іріктеу кезеңі өтті. Білімділер жарысын Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастырып, қала әкімдігінің қолдау көрсетті. Ашық алаңда өткен ауқымды зияткерлік сайысқа еліміздің 7 өңірінен, сондай-ақ Түркістан облысының барлық аудан-қалаларынан келген 500-ге жуық команда, жалпы саны 2500-ге тарта жас қатысып, білім мен логиканы ұштастырған тартысты бәсекеде…

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ ТҮРКИЯДА

Қазақстан Президенті Түркияға ресми сапармен барды. Қасым-Жомарт Кемелұлын Режеп Тайип Ердоғанның өзі әуе жайдан салтанатты түрде күтіп алды. Түркия Президенті мемлекет басшысына: «- Екінші еліңізге қош келдіңіз»,- деп ерекше ілтипат танытты. Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев:   – Қонақжайлық танытқаныңызға көп рақмет. Әуежайға келіп, мені қарсы алдыңыз. Бұл мен үшін үлкен құрмет. Біздің арамызда ешқандай түйткіл…

Толық оқу