САПАЛЫ САЛЫНУЫН ТАЛАП ЕТТІ

Мемлекет басшысының ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетуге қолайлы жағдай жасау және әлеуметтік нысандарды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Созақ ауданында денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңарту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осыған орай Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Шолаққорған ауылындағы аудандық орталық аурухана ғимаратында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысын тексеріп, құрылыс алаңындағы жұмыс үдерісімен танысты. Аурухана…

Толық оқу

ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ МАЖАРСТАНДА МӘЖІЛІС ҚҰРДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Будапештте өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты. Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен келіссөз жүргізіп, ілтипат білдірді. Мажарстанға сапар нақты уағдаластықтарға қол жеткізіп, Астана мен Будапешт арасындағы өзара түсіністікті нығайту тұрғысынан нәтижелі болды. Президент екіжақты байланыстың басым бағыты ретінде сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты атады. Былтыр өзара сауда-саттықтың көлемі 200 миллион долларға жетті, осы…

Толық оқу

КЕНТАУДА ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН ЕКІ ЗАУЫТ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІЛЕРІН ШЫҒАРАДЫ

Түркістан облысы, Кентау қаласындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында «Kentau Cable Industries» компаниялар тобы жүзеге асырған екі жаңа өндірістік нысанның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Атап айтқанда, жоғары жылдамдықты интернет желілеріне арналған оптикалық кабель өндіретін «Kentau Cable Industries» зауыты мен электр жабдықтарына арналған металл шкафтарын шығаратын «ElectroCore» зауыты ресми түрде пайдалануға берілді. Салтанатты шараға қатысқан Түркістан облысының…

Толық оқу

СОЗАҚТА ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ ДИАЛОГ ӨТТІ

Созақта ашық диалог форматында облыс әкімінің халықпен кнздесуі өтті. Онда ауданның даму әлеуетін арттыру, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын құру және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелері кеңінен талқыланды. Түркістан облысында жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға тоқталып, Созақ ауданының экономикалық мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті. Нұралхан Көшеров:  – Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, облыс…

Толық оқу

САММИТКЕ АТСАЛЫСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛАДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымы бейресми саммитінің қорытындысы бойынша өңірдің ұйымдастырушылық жұмысына жоғары баға берді. Мемлекет басшысы маңызды халықаралық іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне жан-жақты дайындық жасаған Нұралхан Көшеров мен облыс тұрғындарына шынайы ризашылығын білдірді.   Президенттің айтуынша, Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті мазмұндық және ұйымдастырушылық тұрғыдан табысты өтіп, Түркістанның халықаралық деңгейдегі…

Толық оқу

ЕСКІ ҮЙДЕН ЖАҢА БАСПАНАҒА

Көксай елді-мекенін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бүгін мұндағы ескі үйлердің тұрғындары жаңа баспаналы болды. 8 отбасыға пәтер кілтін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің өзі табыстады.   Шағын ауданды модернизациялау бұған дейін қағаз жүзінде қалып қойған. Тұжырымдаманың негізгі кезеңі — көппәтерлі үйлерді жаңарту бағдарламасы бойынша тұрғындарды ескі үйлерден жаңасына көшіру. Бірінші кезеңде 9 көппәтерлі үйден 83 отбасыға…

Толық оқу

МЫҢ ОРЫНДЫҚ СТАДИОН ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТТІ

Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында әлеуметтік нысандар жаңартылып, жаңа нысандар бой көтеруде. Республика күні қарсаңында Сарыағаш қаласында күрделі жөндеуден өткен 1000 орындық орталық стадион қайта пайдалануға берілді. Спорт кешенінің ашылу салтанатында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тұрғындарды айтулы оқиғамен құттықтап, өңірдегі спорт инфрақұрылымын жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды….

Толық оқу

МИНИСТР АУЫСТЫ

Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Жақсылықовтың орнына Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Президент тапсырмасын кешіктіргені үшін жуырда сөгіс алған Марат Қарабаев та Көлік министрі лауазымынан босатылды. Ал, Әсел Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болды.  

Толық оқу

АЙЫППҰЛ АРҚАЛАМАҢЫЗ

Ордабасы тауының бөктерінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек кездесетін – Корольков қызғалдағы гүлдеді..   Еліміздің оңтүстік өңірлерінде өсетін өсімдік. Ордабасы ұлттық-тарихи мәдени қорық аумағында оның ерекше көптеп шығуы – көктемнің көркін ашатын гүл көрпесіне айналады.   Былтыр құрғақшылық салдарынан сиреген тау қызғалдақ биыл табиғаттың қолайлы жағдайының арқасында жайқалып, тау бөктерін қызыл-сары кілемге орап тұр. Биіктігі…

Толық оқу

ҚҰРМЕТТІ ҚАЙРАТКЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов ардагер ұстаз, білім саласының ардақты қайраткері Жарқынбек Құлбайымбетовті қабылдады. Кездесу барысында өңірдегі білім беру саласының дамуы, өскелең ұрпақ тәрбиесі және ардагерлер институтының қоғамдағы орны мен рөлі жөнінде пікір алмасылды. Мәслихат төрағасы саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге және білім беру жүйесін дамытуға арнаған Жарқынбек Құлбайымбетовтің ел игілігі жолындағы еселі еңбегіне жоғары…

Толық оқу