НАҚТЫ МІНДЕТТЕР БЕЛГІЛЕНДІ

Түркістан облысының Полициясы І тоқсанда атқарған жұмыстарын қорытындылады. Жиында жедел-қызметтік жұмыстың нәтижелері сараланып, қоғамдық қауіпсіздік, құқықтық тәртіп, цифрландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бағытындағы атқарылған жұмыстар жан-жақты талқыланды. Кеңеске департамент бастығы Арыстанғани Заппаров төрағалық етіп, оның орынбасарлары өз бағыттары бойынша есеп берді. Талқылау барысында құқық қорғау органдарының жүйелі жұмысы мен нақты нәтижелері атап өтіліп, полицейлердің тәулік…

Толық оқу

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РУХАНИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Түркістан қаласында «Қожа Ахмет Ясауи және оның рухани мұрасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ел руханиятын жаңғыртуға бағытталған маңызды алаңға айналды. Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда берген тапсырмалары аясында өткізілді. Президент өз сөзінде Қожа Ахмет Ясауи мұрасын терең зерттеп, оны кеңінен насихаттаудың маңыздылығын атап өткен болатын. Осы міндеттерді жүзеге…

Толық оқу

ЖОЛДАР ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР

Шымкентте инфрақұрылым реттеліп келеді. Қаладағы ұзындығы 847 шақырым жолдың 3 567 шақырымына асфальт-бетон жамылғы төселген.   Бүгінде бұл бағытта 19 ірі жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде Қонаев даңғылының жалғасы, А-2 автомагистралін қайта құру, көлік қозғалысын жеңілдету үшін Алтынсарин, Қазиев, Ақсүмбе, Шұбаркөл, Алатау батыр-Абылайхан көшелері бағыттарындағы балама жолдарды қосу жұмыстары бар. Сондай-ақ, Момынов және Тіленшин көшелерінде…

Толық оқу

ТҮРКІСТАН ТӘЖІРИБЕСІ ЕЛГЕ ЕНГІЗІЛМЕК

Қазақстанда өңірлік өндірісті дамытуға бағытталған тың бастамалардың бірі – Түркістан облысындағы шағын өндірістік парктер тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп, енді оны өзге облыстарда да енгізу көзделуде. Бұл бағыттағы жұмыстар ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың тапсырмасына сәйкес қолға алынған. Аталған мәселені жан-жақты талқылау үшін Қаржы, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің өкілдері мен еліміздің барлық өңірлерінен келген 40-қа жуық…

Толық оқу

КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кентау қаласында Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің көшпелі отырысы өтіп, Кентау қаласы мен Сауран ауданы кәсіпкерлерінің өзекті мәселелері талқыланды. Облыстық мәслихат Төрағасы Нұралы Әбішов кәсіпкерлерді қабылдады. Отырыс барысында облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек өңірдегі кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, мемлекеттік қолдау шаралары мен алдағы міндеттерге тоқталды. Кездесу аясында Кентау…

Толық оқу

ЭКОПАРК ЖОБАСЫ АУАНЫҢ ЕКІНШІ ТЫНЫСЫН АШАДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ірі қалалар мен облыс орталықтарының айналасында экологиялық аймақтар қалыптастыруды тапсырған. Осы бастама аясында Түркістан облысында экопарк құру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Аймақ әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласы маңында жоспарланған экопарк аумағына арнайы барып, тиісті сала мамандарымен бірге жобаның жүзеге асу барысын талқылады. Жобаға сәйкес, биыл Түркістан қаласында көлемі 50 гектар болатын…

Толық оқу

ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҚТЫ

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Гүлжан Құрманбек зейнетке шықты. Облыста, аймақта жауапты басшылық қызметтерді абыроймен атқарған білікті әріптестің еңбегін жоғары бағалаған облыс әкімі сый-құрмет көрсетіп, ризашылығын білдірді. Нұралхан Көшеров: – Гүлжан Мамытқызы мемлекеттік қызметтің сан саласында абыроймен еңбек етті. Түркістан облысын дамытуға да айрықша үлес қосты. Еңбегіңізді әріптестеріңіз жоғары бағалайды. Алдағы бастамаларыңыза сәттілік, зор денсаулық, отбасыңызға…

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ ҚЫРҒЫЗСТАНДА

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды. Мемлекет басшысын Манас халықаралық әуежайында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды деп хабарлайды, Ақорданың баспасөз қызметі.   Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің жетінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров келіссөз жүргізді.   Қазақстан Президенті бауырлас Қырғыз Республикасына ресми сапармен келуге шақырғаны үшін Садыр Жапаровқа алғыс айтты….

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ: — Мұнай-газ – еліміздегі орта бизнесті дамыту тетіктерінің біріне айналуға тиіс.

Президент Қазақстанның мұнай өнеркәсібіне 125 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға қатысып, сала қызметкерлерін құттықтады деп хабарлайды, Ақорданың баспасөз қызметі. Геологтардың ерен еңбегінің арқасында Қазақстанда көптеген кен орындары ашылған. Олардың тағылымды еңбек жолы әрдайым жас ұрпаққа үлгі. Президент мұнай мен газды еліміздің стратегиялық ресурсы әрі мемлекет экономикасының тірегі деп атап,  мұнайшылардың еңбегін жоғары бағалады. –…

Толық оқу