50 МЫҢ ІРІ ҚАРА БОРДАҚЫЛАЙДЫ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған ауқымды инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылдық округінде 50 мың басқа арналған заманауи бордақылау кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Turkestan Agro.kz жауапкершілігі шектеулі серіктестігі негізінде қолға алынған бұл бастама толық қуатына шыққанда өңірдегі ең ірі өндірістік нысандардың біріне айналуы күтілуде. Қазіргі таңда кешенде…

Толық оқу

ҚАРНАҚТА 300 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА «ДОСТЫҚ ҮЙІ» ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында заманауи талаптарға сай салынған жаңа «Достық үйі» халық игілігіне пайдалануға тапсырылды. Салтанатты рәсімге Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын маңызды оқиғамен құттықтады. Өңір басшысы жаңа нысанды толық аралап шығып, оның қызметіне сәттілік тіледі.   Нұралхан Көшеров:  — Құрметті қарнақтықтар! Баршаңызды тарихи Қарнақ ауылындағы жаңа 300 орындық «Достық»…

Толық оқу

ҰҚК ҚАШҚЫНДЫ ТАПТЫ

Астанада жыр болған ЛРТ ге қатысты нүкте қойылатын сияқты. 6 жылдан бері іздеуде жүрген «Астана LRT» ЖШС-нің бұрынғы басшысы Түркиядан табылған. Бас Прокуратура бауырлас елден Қазақстан азаматы Талғат Арданды ұстап беру туралы сұрау жіберген.   Содан бастап Түркияның құзырлы органдары тиісті іздестіру шараларын жүргізді. Биыл ҰҚК оның нақты мекен жайын анықтап, Түркияның құқық қорғау органдары Анталья…

Толық оқу

САУРАНДЫҚТАР ОБЛЫС ӘКІМІМЕН ЕРКІН ПІКІР АЛМАСТЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданының тұрғындарымен кездесіп, ашық форматта еркін пікір алмасты. Аймақ басшысы Президент тапсырмаларын іске асыру аясында Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, Сауран ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бағытында жүзеге асырылып жатқан бастамалар жөнінде баяндады. Сонымен қатар алдағы кезеңге белгіленген жобалар мен басым міндеттерді таныстырды.   Нұралхан…

Толық оқу

719 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Өткен 8 айдың қорытындысына сәйкес Түркістан облысында 719 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өсім 107 %-ды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша өңір республика көлемінде 4-орында тұр. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында айтылды. Биыл республика бойынша 20,4 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Оның 1,25 млн шаршы…

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ АЙТТЫ, ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ТЕКСЕРДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тездетуді тапсырған еді. Өңірге арнайы келген Премьер-министр Олжас Бектенов қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасындағы электр стансасының құрылысымен танысты. Жоба Ұлттық электр желісінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс. Жалпы қуаты 1000 МВт болатын 4 газ турбинасы, 4 кәдеге жарату қазандығы және 2…

Толық оқу

ҚАЗАҚ-БОЛГАР ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ НЫҒАЯДЫ

Қазақстан мен Болгария президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Қазақстан Президенті атап өткендей, Румен Радевтің елімізге үлкен делегацияны бастап келуі екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға тың серпін береді. Мемлекет басшысы тауар айналымының тұрақты өсіп келе жатқанын, сондай-ақ оны ұлғайтуға мол әлеует бар екенін айтты. Статистикаға сәйкес, биылғы төрт айда өзара сауда-саттық көлемі 83 миллион доллардан асты, ал былтыр…

Толық оқу

КЕНТАУДЫҢ ГАЗ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯҒА ЭКСПОРТТАЛУДА

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапары барысында Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын шығаратын «TURAN SHENHUA» ЖШС зауытының өндірістік қызметімен танысты. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 30 мың дана газ қазандығын құрайды. Жобаның жалпы инвестициялық құны – 2,4 млрд теңге. Зауытта 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 250–300…

Толық оқу

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА 2 МЫҢНАН АСТАМ ТАЛ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Түркістан қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті нығайтуға бағытталған кең көлемді іс-шара ұйымдастырылды. Аталған экологиялық акцияға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары мен қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, коммуналдық сала мамандары, қоғамдық ұйым өкілдері және қала тұрғындары белсене қатысты. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров шара барысында…

Толық оқу

ШЕГІРТКЕГЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы алқаптарына қауіп төндіретін шегіртке зиянкестеріне қарсы іс-шаралар кешенді түрде ұйымдастырылып, жоғары қарқынмен жүргізіліп жатыр. Бұл мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен арнайы мәжілісте кеңінен қаралды. 2026 жылы өңірдегі фитосанитариялық тұрақтылықты сақтау мақсатында облыс әкімінің өкімімен арнайы жедел штаб құрылып, барлық жұмыстарды үйлестіру тетіктері күшейтілді. Сонымен қатар шегірткеге қарсы күрес жүргізудің…

Толық оқу