Астана — болашағы жарқын қала

Бүгін – Астана күні. Жас елорданың мерекесі әрбір тұрғынның жүрегіне қуаныш ұялатып, ертеңге деген сенімді шындай түсуде. Қарыштап дамыған жаңа Астананың бүгінгі келбетіне сүйсінбейтін жан жоқ.   Жас елорданың көз сүріндірер келісті келбеті күн санап жасарып, көркейіп, гүлдене түсуде. Ол жаңаша қарқын алған құрылысымен ғана емес, соңғы технологиялар негізінде салынып жатқан гүлзарларымен, аллеяларымен сырттан келушілердің…

Толық оқу

КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысы жасыл желек санын көбейту және орман қорын байыту бағытында еліміз бойынша үздіктердің қатарында. Бүгінде облыста орман шаруашылығына қарасты 21 тұқымбақ жұмыс істейді. Олардың жалпы аумағы — 342 гектар.   ​Көшет саны: 35 миллионнан асты. ​Республика бойынша ағаш отырғызу көлемі мен көшетпен қамту деңгейі 300%-ға жетті. ​Суғару жүйелері тексеріліп, кемшіліктерді жою шаралары жүргізілуде. ​Облыс…

Толық оқу

ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛЫНА 2 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ АҒАШ ПЕН ГҮЛ КӨШЕТІН ӨСІРЕТІН ЖАҢА ТҰҚЫМБАҚ АШЫЛДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында елді мекендерді көгалдандыру, экологиялық жағдайды жақсарту және жасыл аймақтардың көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмасы Түркістан облысында жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Осы бағыттағы жұмыстар шеңберінде Түркістан қаласында заманауи тұқымбақ пайдалануға беріліп, оның жылыжай кешенін кеңейту жұмыстары қолға алынды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров облыс орталығындағы жаңа тұқымбақтың қызметімен танысып,…

Толық оқу

 «ТАЗА СУ АЙДЫНДАРЫ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Түркістан облысының бірқатар ауданында «Таза су айдындары» экологиялық акциясы шеңберінде кең ауқымды тазалық жұмыстары өткізілді. Атап айтқанда, Шардара, Төлеби, Түлкібас, Сайрам, Бәйдібек, Арыс, Отырар және Сауран аудандарында ұйымдастырылған іс-шара барысында өзендер мен көлдердің жағалаулары тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, жиналған қоқыс арнайы белгіленген орындарға тасымалданды. Атап айтқанда, Сайрам ауданында Ақсу өзенінің 4,6 шақырым жағалауында тазалық жұмыстары жүргізіліп,…

Толық оқу

АШЫҚ ӘКІМДІКТЕ

Ашық әкімдік кеңсесінде тұрғындарды жеке қабылдау бекітілген кестеге сәйкес Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жеке қабылдау өткізіп, 5 азаматтың шағымдары мен өтініштерін тыңдады. Көтерілген мәселелер жерді заңдастыру, құжаттандыру және несие төлеміне қатысты. Мақтаарал ауданынан онлайн байланыс арқылы қосылған азамат иелігіндегі жердің кадастр базасынан көрінбейтінін, осы себеппен құжаттарын рәсімдей алмай жүргенін айтып, көмек сұрады. Шалғайдан байланысқа…

Толық оқу

МАЛ СҮЙЕКТЕРІН ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ БИЫЛ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ордабасы ауданында орналасқан «Huating Biotechnology Co., LTD» компаниясының май және желатин компоненттерін өндіруге арналған зауытының құрылыс жұмыстарымен танысып, кәсіпорынның іске қосылуына дайындық барысын көрді. Темірлан елді мекенінде бой көтерген өндіріс орны мал шаруашылығынан алынатын қалдықтарды тиімді кәдеге жаратып, мал сүйектерін терең өңдеуге маманданған. Кәсіпорынның негізгі өндірістік бағыты – мал сүйектерінен…

Толық оқу

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖӘНЕ ТУРИСТІК ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өңірде бой көтеретін нысандар мен жобалардың сәулеттік келбетін қарастыруға арналған кезекті мәжіліс өтті. Жиында Келес ауданы мен Түркістан қаласында жүзеге асырылуы көзделген бірқатар бастамалар сараланды. Басқосу барысында 7 сәулеттік жоба таныстырылып, жас сәулетшілер өздерінің ұсыныстары мен тың идеяларын ұсынды. Өңір басшысы әрбір жобаға қатысты нақты міндеттер жүктеді. Ол сәулеттік…

Толық оқу

МЕН БІЛЕТІН МӘСЛИХАТ

Қазақ даласында сайлау үрдісі ертеректе қалыптасқан. Халқымыз хан, болыс, билерін сайлаған. Ал, депутат сайлауы 1906 жылы мемлекеттік Думаға депутат сайлаудан басталған. Өмірі 72-ақ күнге созылған Думада бес жүздей депутат болған. Саяси науқаннан қазақтарда шет қалмай, Алаш зиялыларының біразы сайланған еді. Патша өкіметі құлап, социалистік кеңес өкіметі орнап саяси қуғын-сүргін болса да депутаттық үрдіс үзілмеді. Арыстандай…

Толық оқу

«АШЫҚ ӘКІМДІКТЕ» ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев «Ашық әкімдік» кеңсесінде бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдады. Қабылдауға аудан-қалалардан келген тұрғындар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, тарихи-мәдени мұра нысандарының орналасқан жерлерін нақтылау, туристік аймақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жетілдіру бағытындағы ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар азаматтардың еңбек құқықтарына…

Толық оқу

ГАЗ ҚОСЫЛДЫ

Ордабасы ауданында халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жалғасуда. Бұл жолы Төрткөл ауыл округіне қарасты Арыстанды ауылының тұрғындары табиғи газдың игілігін көре бастады. Жаңа нысанның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Азат Оралбаев ауыл жұртшылығын құттықтап, бұл жобаның стратегиялық маңызына тоқталды. Ол өз сөзінде газдандыру жұмыстары – мемлекеттің әлеуметтік қолдауының жарқын көрінісі екенін және инфрақұрылымды…

Толық оқу