АБАТТАНДЫРУ ТАЗАЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ

Шарбұлақ ауыл округінде «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық апталығы өтті. Оған Қазығұрт аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары мен ерікті жастар қатысты. Нәтижесінде өзен-көл жағалаулары мен бұлақ көздері тұрмыстық қалдықтардан толықтай тазартылып, табиғи аумақтарды қалпына келтірілді. Мақсат– қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру және экологиялық мәдениетті санаға сіңіру. Мұндай экологиялық іс-шаралар өз…

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен аймақтардың бірінде болып, тұрғындармен тілдесті. Апаттың алдын алумен айналыспаған жауапты министрлер мен облыс әкімдеріне сөгіс жарияланды. Мемлекеттік штаб құрылды. Судың бетін қайтарумен ҰҚК, Қорғаныс министрлігінің сарбаздары мен Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстық департаменттерінен құтқарушылар, еріктілер мен ауыл азаматтарының өздері де айналысып жатыр. Үкімет басшысы бастаған топ жағдай тұрақталғанша апатты…

Толық оқу

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚОРҒАУ ҚАРАЛДЫ

Түркістан облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен инвесторлардың құқықтарын қорғау және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мәселелеріне арналған «Инвестициялық климат-дамудың басты құралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Күн тәртібінде инвесторлардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер, инвестициялық жобаларды іске асыру барысында туындайтын әкімшілік және құқықтық кедергілер, прокуратура мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы талқыланды. Нұралхан Көшеров: – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Үкіметтің…

Толық оқу

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ НЕ СЕБЕПТІ ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ?

Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша Түркістан облысының қысқа мерзімді экономикалық өсімі 121,9 пайызды құрап, өңір республикада 1-орынға шықты. Бұл туралы 2026 жылғы 16 қыркүйекте өткен сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясында облыс әкімі Нұралхан Көшеров мәлімдеді. Маңызды жиынға облыс әкімі Нұралхан Көшеров, облыс әкімдігінің мүшелері, қалалық және аудандық мәслихаттардың төрағалары, Қазығұрт, Түлкібас,…

Толық оқу

АССАМБЛЕЯҒА 30 ЖЫЛ

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған XXXIV сессиясы өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталмыш ұйымның құрылуы қоғамды ортақ мақсатқа жұмылдыру мен ұлттық бірегейлікті бекіту ісінде баламасы жоқ басты платформаға айналғанын айтты.  Ұлттық мүддені қорғап, егемендігімізді нығайтудың қастерлі парыз екенін Ассамблея мүшелері терең сезінеді деген сенім білдірді. Президент Ассамблеяның отандастарды ортақ құндылықтар мен мақсаттарға жұмылдыратын жалпыхалықтық…

Толық оқу

ЕЛДІҢ ҰЗАҚМЕРЗІМДІ ДАМУЫНА БАҒЫТТАЛҒАН

Әділет партиясының сайлауалды бағдарламасындағы 9 және 10 басымдықтар – елдің ішкі тұрақтылығы мен сыртқы қауіпсіздігін, азаматтардың күнделікті тұрмысын және Қазақстанның ұзақмерзімді даму бағытын бір арнаға тоғыстыратын маңызды бөлімдер. Бұл екі бағыттың өзегінде өте қарапайым, бірақ аса маңызды қағида жатыр: таза орта, қауіпсіз мемлекет, әділетті экономика және жауапты саясат – азаматтың лайықты өмір сүруінің негізгі шарттары….

Толық оқу

Павлодар облысында сегіз айлық сәби өлі табылды: жаңа деректер шықты

21 қарашада Павлодар облысында өлі табылған 8 айлық сәбиге қатысты жаңа деректер шықты, – деп хабарлайды КТК арнасы. Vita еріктілер тобы сегіз айлық сәбидің өлімі туралы бірінші болып хабарлап, бір апта бұрын олар өз анасы өлтірді деген жеті жасар Милана Давыдованың өлі денесін тапқан еді. Денсаулық сақтау басқармасы баланың шын мәнінде өз жасына сәйкес салмағы…

Толық оқу

СПОРТ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов бастаған бір топ депутаттар бірқатар спорт нысандарының құрылысымен танысты. Олар ескек есу каналын, атшабар көпфункциялы спорт нысанын және Б.Саттарханов атындағы спорт кешенін көрді.   Түркістан қаласында спорт кешендері бар ескек есу каналының құрылысы 3 кезеңнен тұрады. Кешен олимпиадалық стандартқа сәйкес жабдықталған. Келешекте су спорты түрлерінен оқу-жаттығу жиындары, Әлем және…

Толық оқу

МЫҢҒА ЖУЫҚ КӨШЕТТІҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕК

Түркістан облысында күзгі көгалдандыру науқаны бастау алды. Осы мақсатта басқармаға қарасты орман шаруашылығы мекемелерінің тұқымбақтарынан аудан және қала әкімдіктеріне 700 мыңға жуық көшет үлестіріледі. Күзгі отырғызу жұмыстары тәмамдалғаннан кейін басқарма өкілдері, орман шаруашылығы қызметкерлері мен аумақтық инспекция мамандарынан жасақталған жұмыс тобы егілген көшеттердің жағдайын тексеру үшін бақылау жұмыстарын жүргізеді. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің…

Толық оқу

ЕТ ПЕН МАҚТА

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров өңірдің агроөнеркәсіп саласында жүзеге асқан және енді қолға алынып жатқан жобалармен танысты. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров терең өңдеуге, өнімдердің экспорттық әлеуетін арттыруға басымдық берілгенін айтты.   Министр Қожатоғай ауылындағы 50 мың ірі қара малды бордақылауға арналған кешенді аралап көрді. Бұл инвесторлар есебінен аустралиялық тәсілмен жұмыс істейтін ең ірі жобаның бірі….

Толық оқу