ОБЛЫСТЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП, БЮДЖЕТТІК ӨСІМ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ
Жыл басынан бері Түркістан облысының бюджеті жоғары қарқынмен орындалып, жоспарланған көрсеткіштер едәуір асыра орындалды. Нақты айтқанда, бюджетке түсетін түсімдер жоспары 118%-ға жетіп, қосымша 58,3 млрд теңге көлемінде кіріс қамтамасыз етілді. Бұл оң нәтиже, ең алдымен, өңірдің өзіндік кірістерінің артуымен тікелей байланысты. Өзіндік кірістер көлемі 70,8 млрд теңгені құрап, белгіленген жоспардан 10,6 млрд теңгеге жоғары болды….
