ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛДІ
Түркістан қалалық мәдениет үйінде «Наурызнама – дәстүр дәріптелген күн» атты мерекелік театрландырылған іс-шара өтті. Қала өнерпаздар «Ауылдың алты ауызы», «Жарапазан» халық әндерін шырқап, «Угайым-ай» әжелер хоры өнер көрсетті. Қонақтарға «Наурыз дәмі» ұсынылды. «Күн мен Түн» бейнелері арқылы табиғаттың жаңаруын бейнелейтін сахналық қойылым қойылды. Наурыз аруы, Ұмай ана, Қыдыр ата бейнелері қатысқан «Тазару рәсімі» көрсетілді….
