«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫ 2 ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕН ТАБЫС ЕТТІ

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры «Денсаулық жолы» жобасы шеңберінде Түркістан облысына 2 жылжымалы медициналық кешен ұсынды. Арнайы медициналық көліктердің таныстырылымы «Қазақстан халқына – 2026» V Ұлттық қайырымдылық конференциясы барысында ұйымдастырылды. Жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева қатысып, өңір тұрғындары мен медицина қызметкерлерін айтулы оқиғамен құттықтады. Облыс әкімі…

Толық оқу

БРИКС плюс: ҚАЗАҚСТАН ҮШІН БАСТАМАДАН НАҚТЫ НӘТИЖЕГЕ ДЕЙІН

Нью-Делиде өткен «БРИКС плюс» саммитінің Қазақстан үшін негізгі маңызы – елдің халықаралық күн тәртібіндегі ұстанымын білдірумен ғана шектелмейді. Саммит Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын нақты экономикалық және институционалдық міндеттермен байланыстыруға мүмкіндік берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген бастамалардың басым бөлігі сауда, инвестиция, көлік, технология, су ресурстары және халықаралық қауіпсіздік салаларындағы нақты нәтижелерге бағытталған. БРИКС-тің Қазақстан үшін…

Толық оқу

ҚЫТАЙ БИЗНЕСМЕНДЕРІМЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨҢІРЛЕРІНДЕ ӨНДІРІС АШУ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мемлекет басшысы Қытайдың жетекші технологиялық және инфрақұрылымдық компанияларының басшыларымен стратегиялық әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылады. Кездесулерде әлемдік жоғары технологиялар, энергетика, көлік-логистика және өнеркәсіп салаларындағы жетекші қытайлық компаниялардың басшыларымен бірқатар келіссөздер жүргізілді. Президент келіссөздер барысында Қазақстанның цифрлық экономика құру, жасанды интеллектіні дамыту, жоғары технологиялық өндірістерді қалыптастыру, көлік-логистикалық әлеуетті күшейту және өңдеу өнеркәсібін дамыту бағытындағы басымдықтарына ерекше тоқталды….

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен аймақтардың бірінде болып, тұрғындармен тілдесті. Апаттың алдын алумен айналыспаған жауапты министрлер мен облыс әкімдеріне сөгіс жарияланды. Мемлекеттік штаб құрылды. Судың бетін қайтарумен ҰҚК, Қорғаныс министрлігінің сарбаздары мен Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстық департаменттерінен құтқарушылар, еріктілер мен ауыл азаматтарының өздері де айналысып жатыр. Үкімет басшысы бастаған топ жағдай тұрақталғанша апатты…

Толық оқу

ШЕГІРТКЕ ОШАҒЫН КӨРСЕҢІЗ, ЖЕДЕЛ ХАБАР БЕРІҢІЗ

Түркістан облысында үйірлі шегірткеге қарсы химиялық өңдеу шаралары күшейтілген режимде жүргізілуде. Осы бағыттағы жұмыстардың барысы облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтың төрағалығымен өткен штаб отырысында қаралып, өңірдегі фитосанитариялық жағдай сараланды. Болжам орталығының деректеріне сәйкес, бүгінгі күнге дейін 53,3 мың гектар жер зерттелген. Зерттеу нәтижесінде Келес ауданында – 7442 гектар, Арыс қаласы аумағында – 1942 гектар, Сарыағаш…

Толық оқу

ӘКІМШІЛІК ӘДІЛЕТКЕ 5 ЖЫЛ

Түркістан қаласындағы «Достық» үйінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің қабылданғанына 5 жыл толуына арналған ауқымды дөңгелек үстел мәжілісі өтті. Заң саласындағы маңызды басқосу құқықтық жүйені жетілдіру, азаматтардың құқықтарын қорғау және әкімшілік әділет институтының қоғамдағы рөлін саралауға арналды. Жиынға Түркістан облыстық сотының судьялары, мамандандырылған әкімшілік соттардың өкілдері, прокуратура және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, адвокаттар, жеке сот…

Толық оқу

БІЛІМНІҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ БЕЛГІЛЕНДІ

Түркістан облысында «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында облыстық тамыз конференциясы өтті. Дәстүрлі жиын аясында білім беру саласындағы инновациялық жобалардың көрмесі ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылды. Жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, білім беру саласының мамандары, педагогтер, мектеп директорлары, білім беру ұйымдарының басшылары және ата-аналар қауымдастығының…

Толық оқу

АММИАК ПЕН КАРБАМИД ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысында құны 200 миллион АҚШ долларын құрайтын жаңа химия кәсіпорнының құрылысы басталды. Сауран ауданындағы арнайы экономикалық аймақта бой көтеретін зауыт жылына 250 мың тонна синтетикалық аммиак және 300 мың тоннаға жуық карбамид өндіреді. Жоба іске қосылғаннан кейін 300 жаңа жұмыс орны ашылады. Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы аясында елімізде жаңа жобаларды жүзеге…

Толық оқу

ӘРІПТЕСТІК АРТАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров танымал кәсіпкер, «Kusto Group» холдингінің негізін қалаушы Қанат Көпбаевпен кездесіп, аймақта инвестициялық бастамаларды іске асыру жолдарын талқылады. Кәсіпкерге  инвестициялық мүмкіндіктер, өндірістік және индустриялық, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар жөнінде ақпарат ұсынылды. Тараптар Түркістан облысында жаңа жобаларды жүзеге асыру, өңірдің инвестициялық тартымдылығын күшейту бағытындағы әлеуетті талқылады. Сонымен қатар Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайды…

Толық оқу

ИМПОРТ АЗАЙЫП, ЭКСПОРТ КӨБЕЙЕДІ

Президент тапсырмасына сәйкес инвестициялық жобалардың тізімі түзілуде. Өңірде импортты азайтып, экспортты көбейту көзделген. Терең өңдеумен айналысатын өндіріске басымдық берілген. Әсіресе ауыл шаруашылығы тауарларын қалдықсыз өңдеу қолға алынбақшы.   Нұралхан Көшеров   – Жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығында Түркістан облысының әлеуеті өте жоғары. Барлық саланы терең зерделеп, мүмкіндігімізге сай келетін бағыттар бойынша жобалар мен жоспарлар әзірлеңіздер. Дамытатын…

Толық оқу