700 ЖҰМЫС ОРЫНЫ АШЫЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік инвесторлармен арнайы кездесу өткізіп, өңірде жүзеге асырылуы мүмкін бірлескен жобаларды жан-жақты талқылады. Кездесу барысында облыс басшысы қонақтарға Түркістан өңірінің экономикалық мүмкіндіктерін, өндірістік әлеуетін және инвесторлар үшін жасалған қолайлы жағдайларды кеңінен таныстырып, өзара тиімді серіктестік орнатуға шақырды. Облыс әкімі Түркістанның еліміздегі ең серпінді дамып келе жатқан аймақтардың қатарында екенін атап…

Толық оқу

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҒЫЛЫМ ЕНЕДІ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығын ғылыми тұрғыда дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ордабасы ауданында «Агроөнеркәсіп кешеніне заманауи агротехнологияларды енгізу және саланың өнімділігін арттыру» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік форум өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, аудан әкімі Азат Оралбаев, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық аграрлық ғылым академиясының академигі Жәнібек Паржанов, М.Әуезов атындағы ОҚЗУ аграрлық факультетінің деканы, профессор,…

Толық оқу

ОРДАБАСЫДА ҚАҒАЗ ЖӘНЕ КАРТОН ҚАЛДЫҚТАРЫ ӨҢДЕЛЕДІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапары аясында Ордабасы ауданына барып, Шұбар ауылында орналасқан «QAGAZPROM» ЖШС-нің қағаз және картон қалдықтарын терең өңдейтін зауытының капсуласын салу рәсіміне қатысты. Инвестициялық жобаның құны 1 млрд теңгені құрайды. Өндірістік нысан 5 гектар аумаққа орналастырылған. Жоба толық жүзеге асқан жағдайда 20 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Зауыттың жылдық өндірістік…

Толық оқу

5 МЫҢ ТҮП КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Жетісай ауданында қала, кент және ауылдық округтердің аумағындағы саябақтар мен скверлерде кең көлемді көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Экологиялық ахуалды жақсарту, жасыл белдеу қалыптастыру мақсатымен 5 мыңға жуық түрлі сәндік ағаш көшеті отырғызылды.   Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық экологиялық шарасы аясында  ұйымдастырылған көгалдандыру жұмыстарына аудан билігі мен жергілікті еріктілер де біріктірілді. «Тәуелсіздік» саябағына сән беретін түрлі…

Толық оқу

ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖАҢБЫР ЖАУДЫРУ — ҒЫЛЫМНЫҢ ҮДЕРІСІ

«КОРОЛЬДІК ЖАҢБЫР ЖОБАСЫ» — ТАИЛАНД ТЕХНОЛОГИЯСЫ  Жасанды жолмен жаңбыр шақыру — 1955 жылы Таиланд патшасының бастамасымен қолға алынды. Содан «Корольдік жаңбыр жобасы» атанып кеткен. Мақсат — ауыл шаруашылығын тұрақты сумен қамтамасыз ету, қуаңшылықтың зардаптарын азайту және фермерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту болды. Себебі XX ғасырдың ортасында Таиландтағы егістік алқаптардың 82 пайыздан астамы табиғи жауын-шашынға тәуелді болғандықтан,…

Толық оқу

ҮШ АУДАНДА РӘМІЗДЕР АЛАҢЫ АШЫЛҒАН

Түркістан қаласында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Мемлекеттік Туды көтеру салтанаты ұйымдастырылды. Маңызды мерекелік іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, қоғам қайраткерлері, спортшылар, жастар және қала тұрғындары қатысты. Салтанатты рәсім барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көкке көтеріліп, қатысушылар Мемлекеттік Әнұранды бірге орындады….

Толық оқу

УЕФАҒА ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ

«Түркістан Арена» стадионында Қазақстан мен Словакияның 21 жасқа дейінгі жастар құрамалары арасында тартысты кездесу өтті. 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу басталды. УЕФА басшылығы аясында өткен алғашқы ресми матч жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жеті мыңдай жанкүйер жиналып, стадион трибуналары лық толды.  Түркістан жұртшылығы Қазақстанның жастар құрамасына қызу қолдау көрсетті.  Жанкүйерлердің белсенділігі алаңдағы ойыншыларға ерекше…

Толық оқу

САРЫАҒАШ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Түркістан облысының Сарыағаш қаласында жаңғырту жұмыстарынан өткен теміржол вокзалы тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді. Нысанның ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Елжас Отыншиев, облыстық мәслихат төрағасы Нұрлан Әбішов, теміржол саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты. Салтанатты жиында облыс әкімі «Сарыағаш» теміржол вокзалының өңір үшін маңыздылығына ерекше тоқталды. – Баршаңызды…

Толық оқу

«БӘЙДІБЕК АТА» СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

Мемлекет басшысының су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу, су нысандарын жөндеу және жаңғырту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде кезең-кезеңімен іске асырылып келеді. Қазіргі таңда өңірдегі су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеуде. Барлық құрылыс нысандарындағы жұмыстардың орындалу барысы тұрақты бақылауда. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Бәйдібек ауданына жұмыс сапары барысында салынып жатқан…

Толық оқу