МУЗЕЙ ІСІН ЖЕТІЛДІРУ КЕРЕК

Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымымен кездесу өткізді. Конституцияға алғаш рет тарихи, мәдени, ұлттық құндылықтарға терең мән берілді. Тарихи мұраны сақтау, ұлттық бірегейлікті нығайту және рухани құндылықтарды ілгерілету алдағы міндеттің бірі.   Аида Балаева  «- Күні кеше еліміз мәні мен маңызы айрықша, жаңа тарихи кезеңнің куәсі…

Толық оқу

ӨҢІРДЕ ТҰРАҚТЫ РЕЙД ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында елді мекендерде тазалық сақтау және абаттандыру жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр. Дүниежүзілік тазалық күніне орай ауқымды сенбіліктер ұйымдастырылып, оған 73 885 адам қатысты. Нәтижесінде 1 124 гектар аумақ тазартылып, 815,3 тонна қоқыс шығарылды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте айтылды. Аймақ басшысы аудан және…

Толық оқу

35 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 35 отбасы баспаналы болды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа қоныс иелеріне пәтер кілтін табыстады. Шаһар басшысы тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Пайдалануға берілген пәтерлер бірінші кезекте әлеуметтік осал топтарға бағытталған. Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес…

Толық оқу

ӨЗІНДІК КІРІСТЕР МЕН ТҮСІМДЕР КӨЛЕМІ АРТТЫ

Биылғы жылдың алғашқы 7 айының қорытындысы бойынша Түркістан облысы бюджетінің шығыстары жөніндегі жоспар 888,9 млрд теңгені құраса, оның 886 млрд теңгесі игеріліп, жоспардың орындалу деңгейі 99,7%-ға жетті. Шығыс жоспарларының жүзеге асырылу көрсеткішіне сәйкес, 1 тамыздағы мәлімет бойынша өңір республика көлемінде 3-орынға (99,7%) орналасты. Қаржы саласына қатысты өзекті мәселелер өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен биылғы…

Толық оқу

ЖИЫРМА ЕЛДІҢ ЕЛШІСІ КЕЛДІ

Түркістанға Еуропаның 20-ға жуық мемлекетінің Қазақстандағы елшілері келді. Мәртебелі меймандарға аймақ басшысы өңірдің инвестициялық, туристік әлеуетімен таныстырып, ынтымақтастықты нығайту, серіктестік орнатуға ықылас білдірді. Сондай-ақ, Түркістанның тарихи және экономикалық рөлі туралы баяндады. Нұралхан Көшеров: – Сіздерді Түркі дүниесінің рухани ордасы, Қазақ хандығының астанасы болған қасиетті Түркістан қаласында қарсы алғаныма қуаныштымын. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Түркістан…

Толық оқу

ГРУЗИЯМЕН ӘРІПТЕСТІК СЕРІКТЕСТІК НЫҒАЯДЫ

Нұралхан Көшеров Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген Леван Диасамидзе – Грузияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісімен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда, инвестиция, туризм және мәдени байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды. Өңір басшысы кездесуде Түркістан облысы соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқанын айтып, облыстың инвестициялық және туристік мүмкіндіктеріне тоқталды. Оның айтуынша, облыс 2018 жылы құрылған…

Толық оқу

50 МЫҢ ІРІ ҚАРА БОРДАҚЫЛАЙДЫ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған ауқымды инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылдық округінде 50 мың басқа арналған заманауи бордақылау кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Turkestan Agro.kz жауапкершілігі шектеулі серіктестігі негізінде қолға алынған бұл бастама толық қуатына шыққанда өңірдегі ең ірі өндірістік нысандардың біріне айналуы күтілуде. Қазіргі таңда кешенде…

Толық оқу

ЖАҢА 5 БАҒЫТ БЕКІТІЛДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде, Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ілгерілету мен насихаттаудың 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Бұл құжат Түркістанды әлемдік деңгейдегі рухани туризм орталығына айналдырудың нақты тетігі болмақ. ​Үкімет бекіткен басымдықтар: ​Бекітілген жоспар 5 негізгі бағыт пен 37 іс-шарадан тұрады: ​Ғылыми негіз: Тұлғаның шығармалары мен архивтік деректерін халықаралық деңгейде зерттеп, жаңа каталогтар…

Толық оқу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ» атты сұхбаты жарияланды. – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге ауқымды сұхбат беру арқылы белгілі бір саяси дәстүр қалыптастырдыңыз деуге болады. Осы орайда, «Turkistan» газетінің ұсынысын қабыл алғаныңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз. – «Turkistan» газеті 30 жылдан бері тұрақты шығып келеді. Бұл – Қазақстандағы ең…

Толық оқу

АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ ҚОРЫҒЫНЫҢ ТАҒДЫРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түлкібас ауданында Қазақстан мен Орта Азиядағы тұңғыш мемлекеттік табиғи қорық – «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығының 100 жылдық мерейтойына орай «Ұлт тұлғасы – Тұрар Рысқұлов және ғасыр жауһары – Ақсу-Жабағылы» атты ғылыми конференция ұйымдастырылды. Тағылымы мол жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғалымдар, педагогтер, экологтар мен қорық қызметкерлері қатысты. Ғылыми басқосуда Тұрар…

Толық оқу