ОТАНДЫ ҚОРҒАУ — АЗАМАТТЫҚ БОРЫШ
Түркістан қаласындағы 5574 әскери бөлімінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында кең ауқымды патриоттық іс-шара өтті. Әскери плацта ұйымдастырылған салтанатты жиын ел қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз ету жолында қызмет атқарып жүрген азаматтарға құрмет көрсетуге арналды. Іс-шараға облыстық Полиция департаментінің, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің, Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, аумақтық қорғаныс бригадасының сарбаздары, Ұлттық ұлан әскери…
